ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағыШымкент республикалық ‘’Жас ұлан’’ мектебіГ
Іс-шара туралы мәлімет
Ұйымдастырушы
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі
Жауапты
Г. Алтыбаева
Қатысушылар
Барлық оқырмандар
Өткізілген орны
Мектеп кітапханасы
Тақырыбы
«Дара тұлға, дана тұлға — Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов»
Мақсаты
Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, оның Отан үшін сіңірген ерлігі жөнінде ой бөлісу, пікір алмасу.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар, ұстаздар және ұландар! 11 ақпан — генерал Сабыр Рахымовтың туғанына 115 жыл толатын күн. Біз де осы айтулы датаға өз үлесімізді қосып, тарихи тұлғаның өмірі мен ерлігіне тағзым етеміз.
Бүгінгі кездесуде Сабыр Рахымов туралы мәліметтер тыңдалып, оның өмір жолы мен жауынгерлік қызметі талқыланады.
Сабыр Рахымов: өмірі мен ерлігі
Балалық шағы және тағдыр бұрылысы
Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал, генерал-майор Сабыр Омарұлы Рахымов 1902 жылы 11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында, Қазығұрт тауының етегіндегі Көкбелді ауылында дүниеге келді.
Сабыр 5–6 жас шамасында әкесі Омарқұл қайтыс болғаннан кейін анасы Бахрайым және қарындасымен бірге Ташкент қаласының Пақтапұл атты ауылына қоныс аударады. Онда анасының туған ағасы — диірменші Рахымның қолында болады.
Мектепке барған кезде Сабыр нағашысының балалары қатарында «Рахымов» болып жазылып кеткен. Осылайша тегі өзгерген.
Білім және әскери қызметтің басталуы
1922 жылы Сабыр Рахымов Бакудегі әскери мектепке қабылданып, оны үздік бітіреді.
Оқуды аяқтаған соң атты әскер бөлімдерінде взвод және эскадрон командирі қызметтерін атқарады. Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте ерекше ерлік көрсетеді.
Марапаттары (ерте кезең)
- 1927 жыл — «Қызыл Ту» ордені
- 1930 жыл — «Қызыл Жұлдыз» ордені
Сынақ жылдары, соғыс және соңғы ерлік
1932–1933 жылдары партия жұмысын ұйымдастырушы қызметін атқарып, 1933 жылдан бастап әскери қызметте тұрақты түрде жоғарылайды. Алайда репрессия жылдарында, 1937 жылы Сабыр Рахымов 19 айға тұтқынға алынады.
1941 жылы ол 43-армия құрамында соғысқа кіреді. 1941 жылдың қазанында 56-армияның 353-дивизиясына қарасты 1149-атқыштар полкінің командирі болып тағайындалады (ол кезде шені — майор).
1942 жылы дивизия қайта толықтырылып, Сабыр Рахымов 353-атқыштар дивизиясы командирінің міндетін атқарады және сол жылы полковник шенін алады. 1943 жылы оған генерал-майор атағы беріледі.
1943 жылдың мамырында Сабыр Рахымов Мәскеудегі Бас штаб академиясына оқуға шақырылады.
1945 жылдың 25 наурызында Гданьск қаласының маңындағы шайқаста генерал-майор Сабыр Рахымов ерлікпен қаза тапты.
1965 жылдың 6 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі үшін оған «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Баяндамашыға сөз
Келесі сөз кезегі — Сабыр Рахымов туралы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүрген ұланымызға беріледі.
Тұрсынбек Данияр
Өмірбаян бойынша сұрақтар
Тұңғыш генералдың өмір жолына қайта бір шолу жасап, негізгі деректерді бекітейік:
-
1) Сабыр Өзбекстанға неше жасында кетті? Не себептен?
5–7 жас аралығында. Әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы төркініне алып барған.
-
2) Сабырдың тегі не себепті өзгертілді?
Нағашысының тегімен жазылып кеткен.
-
3) Сабыр қай жерде білім алды?
Өзбекстанда.
-
4) Нағашысы кішкентай Сабырды қандай себеппен балалар үйіне өткізді?
Тұрмыстық жағдайдың төмендеуіне байланысты, мәжбүрліктен.
-
5) Жоғары білімді қай қалада оқыды?
Баку әскери училищесінде.
-
6) Сабырдың әскери өмірі шамамен қай жылдары басталды?
1920-жылдардың соңы, шамамен 1927 жылдар.
-
7) Тұңғыш генералдың ерлік жолы қай кезеңде айқын көрінді?
1935–1945 жылдар аралығы.
Өлең оқу бөлімі
Бүгінгі дөңгелек үстелімізде Сабыр атамызға арналған өлеңдер тыңдалады.
Уәкіл Самұрат
2-рота, 2-взвод
Аспандияр Дулат
4-рота, 2-взвод
Абдулла Ерсұңқар
Қатысушы
Мәжит Дидар
3-рота, 2-взвод
Теңізбаев Дегерез
Қатысушы
Сұлтанов Нұрсұлтан
3-рота, 3-взвод
«Сұрақ-жауап» қоржыны
- «Темір генерал» атағын кім берген? Генерал-майор шені қай жылы берілді?
- 1943 жылы Сабыр Рахымов қай оқу орнына шақырылды? Сол кезде оған кімдер мінездеме берген?
- Сабыр атамызға қоладан жасалған ат мүсінін кім сыйлаған?
- Репрессия жылдарында Сабыр Рахымовты қандай себеппен қамауға алды?
- Сабыр Рахымов қай жылдары қандай ордендермен марапатталды?
- Сабыр Рахымовтың қазақ екенін кім зерттеп, дәлелдеді?
Қорытынды
«Дара тұлға, дана тұлға — Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов» тақырыбындағы бүгінгі дөңгелек үстел өз мәресіне жетті.
Қатысып, өз үлестерін қосқан ұландарымызға алғыс білдіреміз. Тілегіміз — Сабыр атамыздай патриоттық рухтарың биік болып, әрдайым биік белестерден көрініп, Қазақ елінің намысын қорғай беріңдер!