Тұрлаусыз мүшелер
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №2 Бестөбе орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Анаргүл Көкешева
Сөйлем мүшелерін қайталау
Бұл сабақта оқушылар сөйлем мүшелері туралы алған білімін жүйелеп, мысалдар арқылы бекітеді. Жұмыс түрлері: сұрақ-жауап, талдау, ой қорыту, іздендіру тапсырмалары.
Білімділік мақсаты
- Сөйлем мүшелері бойынша білімді еске түсіру және бекіту.
- Сөйлем мүшелерін дұрыс ажырата білуге үйрету.
- Мысал келтіру арқылы түсінікті нақтылау.
Дамытушылық мақсаты
- Танымдық белсенділікті арттыру.
- Тіл байлығын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
- Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлауды дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
- Рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту.
- Еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру.
- Отанды сүюге, қазақ тіліне қызығушылықты арттыру.
Сабақ ресурстары
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Көрнекілігі
- Слайдтар, тест тапсырмалары, семантикалық карта
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, талдау, ой қорыту, іздендіру
Сабақтың құрылымы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Қайталау сұрақтары
- Синтаксистік талдау
- Лексика-грамматикалық және дыбыстық талдау
- «Мені тап!» ойыны
- Семантикалық кесте
- Сызба бойынша сөйлем құрастыру
- Тест жұмысы (2 нұсқа)
- Қорытынды және рефлексия
- Бағалау және үй тапсырмасы
Ұйымдастыру және қайталау сұрақтары
Оқушылармен амандасып, зейінді сабаққа бағыттай отырып, сөйлем мүшелері бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіру ұсынылады.
Негізгі сұрақтар
- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер қайсы?
- Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
- Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?
- Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Бастауыш болатын сөз таптарын ата.
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш болатын сөз таптарын ата.
Тұрлаусыз мүшелер
Оқушылар қатар бойынша тұрлаусыз мүшелердің ережесін айтады:
- 1-қатар: толықтауыш
- 2-қатар: анықтауыш
- 3-қатар: пысықтауыш
Жұмысқа дайындық
Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазғаннан кейін төмендегі тапсырмаларға кезекпен кіріседі.
Синтаксистік талдау тапсырмалары
Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік (сатылай-кешенді) талдау жасалады.
1-сөйлем
Бүгінгідей күндеріміз үшін талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қанды жолға тәуекел етіп, басын тікті.
2-сөйлем
Қазақ халқы күй өнерін ерекше қадірлеген.
Сөз құрамын талдау
- ғасырлар
- тікті
Дыбыстық талдау (математикалық тәсіл)
- Қазақстан
- тәуелсіздік
«Мені тап!» ойыны
Ойын шарты
Берілген мақал-мәтелдерді оқып, әр қатар өзіне тиесілі сөйлем мүшесін табады: 1-қатар — анықтауыш, 2-қатар — пысықтауыш, 3-қатар — толықтауыш.
1-қатар: анықтауыш
- Жаман жолдас жауға қалдырар.
- Гүл — жердің көркі, қыз — елдің көркі.
- Байлықтың атасы — еңбек, анасы — жер.
2-қатар: пысықтауыш
- Қорыққан бұрын жұдырықтар.
- Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
- Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады.
3-қатар: толықтауыш
- Темірді қызған кезде соқ.
- Талаптыға нұр жауар.
- Қайғысыз қара суға семірер.
Семантикалық кесте
Сөйлем мүшелерін (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) анықтап, кестені толтырыңыз.
| Сөйлем | Бастауыш | Баяндауыш | Толықтауыш | Анықтауыш | Пысықтауыш |
|---|---|---|---|---|---|
| Біз бүгінгі жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында жеттік. | — | — | — | — | — |
| Мен тәуелсіз елдің азаматы болғаныма мақтанамын. | — | — | — | — | — |
| Тәуелсіздікті аңсамайтын халық ешқашан болмайды. | — | — | — | — | — |
Сызба 1
Анықтауыш — бастауыш — пысықтауыш — пысықтауыш — баяндауыш
Сызба 2
Пысықтауыш — бастауыш — пысықтауыш — баяндауыш
Сызба 3
Бастауыш — толықтауыш — пысықтауыш — баяндауыш
Тест жұмысы (2 нұсқа)
Сөйлем мүшелерін қаншалықты меңгергенді тексеру және сабақты қорытындылау мақсатында 2 нұсқада тест беріледі. Әр нұсқа 6 сұрақтан тұрады, әр сұрақта 6 жауап нұсқасы ұсынылады. Тест парағының соңындағы бос торкөздерге дұрыс жауаптардың нөмірі жазылады.
1-нұсқа
-
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?
- Бастауыш, анықтауыш.
- Тұрлаулы, тұрлаусыз.
- Бастауыш, баяндауыш.
- Тұрлаусыз, пысықтауыш.
- Толықтауыш, пысықтауыш.
- Анықтауыш, толықтауыш.
-
Сөйлем мүшелері құрамына қарай қалай бөлінеді?
- Дара, күрделі, үйірлі.
- Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
- Тұрлаулы, тұрлаусыз.
- Бастауыш, баяндауыш.
- Анықтауыш, толықтауыш, үйірлі.
- Дара, күрделі, тұрлаулы.
-
Бастауыш қай сөз табынан? «Сендер бақытты адамсыңдар.»
- Зат есім.
- Сын есім.
- Сан есім.
- Етістік.
- Есімдік.
- Үстеу.
-
Тура толықтауыш қай септікте тұрады?
- Барыс септік.
- Ілік септік.
- Табыс септік.
- Жатыс септік.
- Шығыс септік.
- Көмектес септік.
-
Мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп мәнін айқындайтын тұрлаусыз мүше қайсы?
- Бастауыш.
- Баяндауыш.
- Толықтауыш.
- Анықтауыш.
- Тура толықтауыш.
- Пысықтауыш.
-
Сөйлемдегі анықтауыштың байланысу түрі қайсы?
- Қиысу.
- Қабысу, матасу.
- Меңгеру.
- Матасу, жанасу.
- Жанасу.
- Жанасу, қабысу.
2-нұсқа
-
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаны білдіретін сөйлем мүшесі қайсы?
- Бастауыш.
- Баяндауыш.
- Толықтауыш.
- Анықтауыш.
- Пысықтауыш.
- Тұрлаусыз мүшелер.
-
Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі байланысу түрі қайсы?
- Матасу.
- Меңгеру.
- Қиысу.
- Жанасу.
- Қабысу.
- Меңгеру, жанасу.
-
Баяндауыш қай сөз табынан? «Бүгін күн суық.»
- Зат есім.
- Сын есім.
- Сан есім.
- Есімдік.
- Етістік.
- Есімше.
-
Қашан? Қалай? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі қайсы?
- Бастауыш.
- Баяндауыш.
- Толықтауыш.
- Анықтауыш.
- Пысықтауыш.
- Тұрлаулы мүшелер.
-
Тура толықтауышты табыңыз: «Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса.»
- Бес жасқа.
- Хандай.
- Балаңды.
- Көтер.
- Он бес жасқа.
- Құлдай жұмса.
-
Дара бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
- Ұлы ақын Абай Семей өңірінде дүниеге келген.
- Қазақстан жері — пайдалы қазбаларға бай.
- Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы жариялады.
- Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.
- Менің ол кітапты оқығым келді.
- Тәуке хан ел басқару ісіне беделі зор билер мен батырларды топтастырған.
Қорытынды, рефлексия және бағалау
Қорытынды сұрақтар
- Сабақ ұнады ма?
- Не үйрендіңдер, нені нақтыладыңдар?
- Сабақтың қай бөлігі қызықты болды?
Рефлексия (ой толғау)
- Қандай әсер алдыңдар?
- Қай тапсырма қиындық туғызды?
- Қиындықты қалай жеңуге болады?
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімі қалыптастырушы бағалау арқылы қорытындыланады.
Назар аударатын өлшемдер
- Сөйлем мүшелерін дұрыс анықтау
- Талдауда дәлел келтіру
- Жұп/топпен жұмыста белсенділік
Үй тапсырмасы (1)
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Үй тапсырмасы (2)
«Тәуелсіздік» тақырыбына 5 сөйлем құрастыру.