Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы
Шаша-төбе жалпы орта мектебі
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 6-сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бекзод Саиджанов Юсупжанұлы
Сабақ тақырыбы
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Мақсаты
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, өз ойларын еркін әрі толық жеткізуіне мүмкіндік беру, сөздік қорын молайту.
Міндеттері
- Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Сөздік қорын байыту.
- Сауаттылықты қалыптастыру.
Сабақтың құрылымы
I. Кіріспе бөлім
- 1 Ұйымдастыру кезеңі, ынтымақтастық алаңын құру.
- 2 Топқа бөлу.
- 3 Психологиялық дайындық.
- 4 Миға шабуыл.
- 5 Логикалық сұрақтар.
- 6 Үй тапсырмасын сұрау.
- 7 Сергіту сәті.
II. Негізгі бөлім
- 8 Жаңа сабақ.
- 9 Кітаппен жұмыс.
- 10 «Қазақстан — тәуелсіз ел» тақырыбы.
- 11 Постер қорғау.
- 12 Сан есімге арналған жаттығулар.
III. Қорытынды бөлім
- 13 Сабақты пысықтау.
- 14 Бағалау.
- 15 Үй тапсырмасын беру.
Топтау сан есімдер
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді. Олар «нешеден?», «қаншадан?» сұрақтарына жауап береді.
Жасалу жолы
Топтау сан есімдер дара және қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Мысалдар
екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден
Қолданылуы
- Дара: бестен, оннан.
- Күрделі: жиырма бестен.
- Қосарланған: екі-екіден, он-он бестен.
Бөлшектік сан есімдер
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Олар екі түрде қолданылады: жай бөлшек және ондық бөлшек.
Жай бөлшек
Жай бөлшек сандар екі есептік сан есім арқылы жасалады: бөлім көбіне шығыс немесе ілік септікте, ал алым тәуелдік тұлғада жұмсалады. Кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады.
Мысалдар
- Екіден бірін ал.
- Үштің бірі.
- Онның екісі / оннан екі.
Тіркес арқылы жасалуы
Есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздері тіркесіп те қолданылады: екі жарым, үш ширек.
Ондық бөлшек
Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты атаулар арқылы жасалады.
Мысал
Екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш (2,3)
Мысал
Бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін жүзден төрт (5,04)
Оқулықпен жұмыс
1-топ: 172-жаттығу
Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
2-топ: 176-жаттығу
Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
Үлгі
1/2
Үлгі
2/3
Үлгі
2,3
Сәйкестендіру тапсырмасы
Берілген өлшем атауларын тиісті сөздермен сәйкестендіріңдер.
1 асым
— тұз
1 ұрттам
— су
1 жайым
— қамыр
1 шымшым
— ет
1 үзім
— қазы
1 елі
— нан
Мүшел жас
Мүшел жас — қазақтың дәстүрлі жас кезеңдерін сипаттайтын ұғым. Төменде мүшел жастың кезеңдері берілген.
1-мүшел жас
Ер жете бастау.
2-мүшел жас
Жігіттік шақ.
3-мүшел жас
Ақыл тоқтату.
4-мүшел жас
Орта жас.
5-мүшел жас
Орта жас.
6-мүшел жас
Қарттық.
7-мүшел жас
Кәрілік.
8-мүшел жас
Қалжырау.
9-мүшел жас
Шөпшек сүю.
10-мүшел жас
Немене сүю.