Қасым ханның - қасқа жолы. Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп және мұғалім

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің тарих пәні мұғалімі — Сүлейменова Нұргүл Асқарқызы.

Сабақтың тақырыбы

Қазақ хандығына — 550 жыл (2015).

Сабақ түрі

Жарыс-сабақ (саяхат элементтерімен).

Сабақтың мақсаттары

Сабақтың негізгі мақсаты — оқушыларға 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын еске түсіре отырып, атақты хандармен, билермен және батырлармен таныстыру, тарихи деректерді жинақтап, ой қорытынды жасату. Саяхат-сабақ болғандықтан, тапсырмалар алдын ала беріліп, оқушылар өз деңгейіне сәйкес дайындалады.

Білімділік

Қазақ хандығы туралы жүйелі мәлімет беру, топпен жұмыс арқылы ой-өрісті кеңейту, тарихи ұғымдарды нақтылау.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімді күшейту, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар және әдіс-тәсілдер

Көрнекі құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Оқулық
  • Карта
  • Кеспе қағаздар
  • Кубик-Рубик

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жарыс
  • Сұрақ–жауап
  • Танымдық ойындар

Ұстаным ретінде сабақта оқушы белсенділігі, дәлелмен жауап беру, топтық ынтымақтастық және уақытты тиімді пайдалану басым болады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Амандасу, сабаққа дайындықты тексеру, түгендеу.
  • Ынталандыру: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
  • Кіріспе ой: 2015 — тарихи жыл. Сабақ Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен түйінделеді: «Өз тарихын білмеген адам өзін де сыйламайды».
  • Оқушылар 3 топқа бөлінеді: қызыл, көк, сары.

Үй тапсырмасын тексеру

«Кубик лақтыру» ойыны: әр топтан оқушы шығып, кубикті лақтырады. Түскен санға сәйкес оқушыға екі сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

Сабақ форматы

Сабақ кезеңдері жарыс түрінде ұйымдастырылады: әр сайысқа нақты уақыт беріліп, ұпай жинау арқылы оқушылардың белсенділігі артады.

1-сайыс: «Сен маған, мен саған» (сұрақ–жауап)

Уақыты: 5–6 минут

Сұрақ: Қазақтардың қандай ержүрек батырларын білесіңдер?

Жауап үлгісі: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Малайсары және т.б.

Сұрақ: Отырар қаласының әміршісі кім болды?

Жауап: Қайыр хан.

Сұрақ: Қабанбай батырдың шын есімі қандай?

Жауап: Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. (Қаракерей Қабанбай — Дарабоз, талантты қолбасшы.)

Сұрақ: Қазақтың ұлы билерін атаңдар.

Жауап: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

II. Жаңа сабақ: Қазақ хандығының құрылуы

Мұғалімнің кіріспесі: «Оқу — инемен құдық қазғандай». Тақырыпты тереңірек түсіну үшін интерактивті тақта арқылы Керей мен Жәнібек хандар туралы бейнематериалдан үзінді көрсетіледі.

Қазақ хандығының құрылу себептері

  1. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылысы.
  2. Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі.
  3. Алым-салықтың көбеюі.
  4. Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі.

Қосымша жұмыс: карта арқылы оқушыларға сол дәуірдегі тайпалардың орналасуы мен тарихи кеңістік туралы қысқаша деректер беріледі.

2-сайыс: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Уақыты: 5 минут

Топтарға кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар Қазақ хандығына үлес қосқан хандардың билік еткен жылдарын жазып, қорғайды. Жауап саны көп әрі жылдары дұрыс болған топқа әр дұрыс дерек үшін 1 ұпай беріледі.

3-сайыс: «Кейіпкерлер сұрақ қояды»

Уақыты: 6 минут

  • 1) «Мен қандай заңдар жинағын жаздым?» — Қасым ханның қасқа жолы.
  • 2) «Мен Қазақ хандығында неше жыл билік еттім?» — 1771–1781 жж.
  • 3) «Мен қай жүздің биі болдым?» — Кіші жүз.
  • 4) «Мен Шығай ханның орнына қай жылы келдім?» — 1582 (билігі 1582–1598 жж.).
  • 5) «Жеті жарғыны жаздырған менмін. Есімім?» — Тәуке хан.
  • 6) «Менің тұсымда Ресеймен қатынас жақсарды. Билік жылдарым 1538–1580. Мен кіммін?» — Хақназар хан.

4-сайыс: «Білімдіден шыққан сөз…»

Уақыты: 5 минут

Интерактивті тақтадан берілген сурет бойынша топтар пікірлесіп, қысқа «әңгіме-дүкен» құрады. Баяндамашының ең жоғары бағасы — 10 ұпай.

5-сайыс: Математикалық лото

Уақыты: 3 минут

Әр дұрыс жауап — 1 ұпай. Есептердің жауабы тарихи даталармен байланыстырылады.

728×2 + 10 = 1466

1465–1466 жж. — Қазақ хандығының құрылу кезеңі.

(1000 + 522) − 11 = 1511

1511 ж. — Қасым хан билікке келді.

1900 + 91 = 1991

1991 ж. — Қазақстан тәуелсіздік алды.

6-сайыс: Салыстыру

Уақыты: 5 минут · Ең жоғары ұпай: 5

«Хандар» тобы: Керей мен Жәнібекті Н. Ә. Назарбаевпен салыстырады.

«Билер» тобы: Қазақ хандығының аумағын қазіргі ҚР территориясымен салыстырады.

«Батырлар» тобы: Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.

Сабақты бекіту (тест тапсырмалары)

Уақыты: 6–7 минут

1) Әбілқайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Олардың бәрі қалай аталды?

Жауап: «Тоқсан екі баулы қыпшақ».

2) Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханы кім?

Жауап: Есенбұға.

3) Қазақ хандығы қай хан тұсында күшейді?

Жауап: Қасым хан.

4) «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?

Жауап: Бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар.

5) Қазақ хандығының құрылған жылдары:

Жауап: 1465–1466 жж.

6) Алғаш «Алтын адам» Қазақстанның қай жерінен табылды?

Жауап: Есік қорғанынан (шамамен 17–18 жастағы адам).

Қорытынды бөлім: тәуелсіздік символдары

Сабақ соңында қазіргі Қазақстанның символдық нысандары арқылы тарихи сабақтастық туралы ой қорытынды жасалады.

Бәйтерек

Астана қаласында орнатылған «Бәйтерек» монументінің негізі 1996 жылғы 26 қазанда қаланды.

Хан Шатыр

«Хан Шатыр» кешені: құрылыс жұмыстары 2006–2010 жылдары жүргізілді.

Тәуелсіздік сарайы

Жоба авторы — Гүлтекин Линеа. Құрылыс 2006–2007 жылдары аяқталды.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

  1. «Қазақ хандығына — 550 жыл» тақырыбында ой толғау жазу.
  2. Кескін картаға Қазақ хандығының жер аумағын (территориясын) түсіру.
  3. Қосымша әдебиет пайдаланып Қасым, Есім, Хақназар хандарға портреттік сипаттама беру.

Бағалау критерийі

Топтық сайыстардағы жиналған ұпай саны бойынша бағаланады.

Ұпай Баға
18–20 5
13–16 4
10–12 3

Бұл құрылым оқушылардың тарихи деректерді есте сақтауымен қатар, командада жұмыс істеу, дәлелдеу, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.