Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин гимназиясы

Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Коныршина Ерсін Серікқызы.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Мақсаты

Қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, дана, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы кеңінен насихаттау.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Презентация слайдтары

Міндеттері

  1. 1 Оқушы бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру.
  2. 2 Қанымызда бар шешендік пен тапқыр сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көре білу, дамыту.
  3. 3 Ұлыларымызды құрметтеу арқылы оқушы бойында мақтаныш сезімін ояту; даналардың даралығын бағалауға, қастерлеуге баулу.
  4. 4 Өзге ұлт өкілдері балаларының бойына Абайдың өлеңдері мен әсем әндерін сіңіру.

Абайға арнау: сахнадағы қос дауыс

Аружан

Дана Абайды қазақтың ақылына балаймын,

Туатын алдан ғасырына балаймын!

Ақылының нұры бар — Абайы бар қазақтың,

Жан алаңы, мұңы бар — қазағы бар Абайдың.

Камила

Арлы Абайды қазақтың қайраты деп ұғамын,

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

Жер шарын шиырлап, қай жағынан шығайын,

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

Аружан

Сара Абайды қазақтың жүрегі деп білемін,

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

Жайған сәби саусағын — қайран менің жүрегім!

Жүргізуші сөзі

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары — туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы мәңгілік. Бүгін ол бізге досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа бірге қадам басып келеді.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сыныбымыздағы Абай оқуларына қош келдіңіздер! Бұл сайыстың ерекшелігі — бақ сынайтындар өзге ұлт өкілдерінің оқушылары.

Сайыс құрылымы

1

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы

Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу.

2

Көңілім әнді ұғады

Абай әндерін орындау.

3

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

Абайдың қара сөздерін жатқа оқу.

Әділқазылар алқасы

  • 1.
  • 2.

Ескерту: Тізім атаулары түпнұсқада көрсетілмегендіктен, бос қалдырылды.

Қатысушылар

  • 8 «Б» сынып оқушысы
  • 8 «Б» сынып оқушысы
  • 8 «Б» сынып оқушысы
  • 9 «Б» сынып оқушысы
  • 10 «Б» сынып оқушысы
  • 8 «Б» сынып оқушысы

Ескерту: Қатысушылардың аты-жөндері түпнұсқада толық берілмеген.

1-бөлім: Өлең оқу

Аружан: «Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға, тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға. Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар сайысқа қатысушы тұлғаларға», — деп, «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

Оқу реті

  • «Қыс» өлеңі
  • «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
  • «Жаз» өлеңі
  • «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
  • Бейнематериал көрсетіледі

2-бөлім: Ән орындау

Камила: «Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар, ойы сергек жан оны ұғар. Бар сезіміңді қозғар ән-күйге, жастар, тілімді ал, бол құмар», — деп, Абай атамыздың ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.

Аружан: Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай әндерін орындауға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Орындаушылар

  • Михайлова Анастасия

    «Көзімнің қарасы»

  • «Көзімнің қарасы»

  • «Көзімнің қарасы»

  • «Көзімнің қарасы»

  • «Көзімнің қарасы»

  • «Көзімнің қарасы»

Ескерту: Кейбір қатысушылардың аты-жөні түпнұсқада көрсетілмегендіктен, «—» белгісімен берілді.