Сөздерді буындап оқыту
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақта оқушылар К дыбысы және оның әріптік таңбасымен танысады, дыбыстың дұрыс айтылуын (артикуляциясын) меңгереді, оқылым мен жазылым дағдыларын дамытады.
Білімділік
- К әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
- Сөздерді буындап оқыту.
- Сөйлемге және дыбыстық құрамға талдау жасау.
Тәрбиелік
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Құстар мен ағаштарға қамқорлық жасауға баулу.
- Жолдастарын сыйлауға үйрету.
Дамытушылық
- Логикалық ойлауды дамыту.
- Көру және есту арқылы есте сақтауды жетілдіру.
- Танымдық қабілеттерді арттыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Қарашы, досым, дайын ба оқу құралың?
Орнында ма дәптер, кітап, қаламың?
Дайын болсаң, басталды міне сабағың.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Екі оқушыға «Емен» мәтінін оқытып, мазмұнын қаншалықты түсінгенін сұрау.
Сұрақтар арқылы қайталау
- «Емен» тақырыбын оқығанда қандай дыбыспен таныстық? (Е дыбысы)
- Е дыбысы қандай дыбыс? Неліктен?
- Е дыбысына қатысты сөздер ойлап көрейік: ел, ер, емен, еден және т.б.
- «Емен» сөзін буынға бөлу: е-мен (2 буын). Е дыбысы қай жерде естіледі?
3) Актуалдау (өткенді еске түсіру)
Негізгі ұғымдар
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Қандай дыбыстар буын құрайды?
Таныс дыбыстар
- Дауысты дыбыстар: а, о, ы, у, ү
- Дауыссыз дыбыстар: т, п, н, ғ, л, р, ш, й, қ, м, д, б, с, ж
4) Жаңа сабақ: К дыбысы мен әрпі
Суретпен жұмыс
Суреттер арқылы жаңа сөздерді айту және дыбысты анықтау: кітап, кітапхана.
Түсіндірме: «Кеме»
Кеме — суда немесе су астында жүзе алатын, жүк не жолаушы тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі. Алғашында адамдар суда жүзу үшін ағаш діңін пайдаланған, кейін ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарға көшкен. Мұндай қайықтар ескек арқылы қозғалысқа келтірілген.
Оқулықпен жұмыс
- Сөздерді тізбектей оқу.
- Жаңа сөздерге түсінік беру.
- «Кеме» мәтінін оқып, мазмұнын ашу.
Жұмбақ
Еркін самғап ұшсын — деп
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп
Қай құсты біз мақтаймыз?
Жауабы: көгершін.
5) Сергіту сәті (әуенмен)
«Көгершін әні» әуенімен музыка пәні мұғалімі Мира Демеуқызы оқушыларға сергіту сәтін өткізеді.
6) Құстардың табиғаттағы маңызы
- Саңғырығы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
- Тазалықшы қызметін атқарады.
- Өсімдіктердің тозаңдануына ықпал етеді.
7) Дәптермен жұмыс: К әрпін жазу
Балалар К дыбысын естіп, дыбыстап үйренді. Енді дыбысты көзбен көріп, әріп таңбасын жазу арқылы бекітеді.
- К әрпінің жазылу элементтерімен танысу.
- Үлгі бойынша дәптерге к әрпін көркем жазу.
8) Бекіту: «Көл» тақырыбы және экология
«Көл» суреті бойынша әңгіме құрастыру және К дыбысы кездесетін сөздерді табу.
Талқылау
Шалқар көлінің экологиялық жағдайы: табиғатты қорғау, су көздерін ластамау, жануарлар мен құстарға жанашырлық таныту.
9) Сабақты қорытындылау
- Оқушылардың оқу, буындау және дыбыстық талдау дағдыларын қорытындылау.
- Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.