Сөйлем мүшелерін ата

Сабақтың тақырыбы

Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Тұрлаулы мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, олардың сөйлемдегі атқаратын қызметін түсіндіру.

Дамытушылық

Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру; оқушылардың ой-өрісін және сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Ойын

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Семантикалық карта
  • Сауалнама

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Дүниетану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

А) Психологиялық дайындық

Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым — қазақ тілім.

II. Өткенді қайталау

Мақал: Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Сұрақтар

  1. Сөйлем нені білдіреді?
  2. Сөйлем неден құралады?
  3. Сөйлемнің қандай түрлері бар?
  4. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  5. Сөйлем мүшелерін ата.
  6. Бастауыш дегеніміз не?
  7. Баяндауыш дегеніміз не?
  8. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

III. Көркем жазу

ЛЛЛЛ лллл

Кітап — білім бұлағы.

Білім — өмір шырағы.

IV. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

«Сөз қуаласпақ» ойыны

1-топ: Бастауыш

Шарты: бастауышқа сөз ойлау.

2-топ: Баяндауыш

Шарты: сөйлемді баяндауыш арқылы аяқтау.

2) Мағынаны тану

Тұрлаулы мүшелер: бастауыш және баяндауыш.

Бастауыш сұрақтары

  • Кім?
  • Не?
  • Кімдер?
  • Нелер?
  • Кімі?
  • Несі?

Баяндауыш сұрақтары

  • Не істеді?
  • Не қылды?
  • Қайтті?
  • Не?
  • Кім?
  • Қандай?

Ереже: Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады. Бастауыш пен баяндауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.