Тренингтің мақсаты бүгінгі сабақты көңілді өткізу, оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шәкәрімнің өмірі туралы мәлімет беру.
- Ақын өлеңдерімен таныстыру, поэзия тереңіне бойлату.
- Өлеңдердегі мақсат-мұратты ашып, түсіндіру.
Дамытушылық
- Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру.
- Топтық жұмыс арқылы ізденімпаздыққа баулу.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.
Тәрбиелік
- Шәкәрім өлеңдері арқылы еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Білімді болуға, ізденуге ұштау.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа тақырыпты меңгерту
- Сабақтың әдісі
- Түсіндіру, СТО стратегиялары
- Пәнаралық байланыс
- Қазақстан тарихы
Көрнекілігі
- Ақынның портреті
- Өмірінен естелік суреттер
- Слайд-шоу
- Сызбалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық тренинг: «Қайталанбайтын бейне»
Мақсаты: сабақты көтеріңкі көңіл-күймен бастау, оқушылардың белсенді қатысуын ұйымдастыру.
Топқа бөлу
- Абай тобы
- Мұхтар тобы
- Шәкәрім тобы
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы. Оқушылар берілген бағыт бойынша мәліметті плакатқа түсіріп, сынып алдында қорғайды.
Абай тобы
Қашағанның өлеңдері
Мұхтар тобы
Қашағанның айтыстары
Шәкәрім тобы
Қашағанның дастандары
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
- Орта буында Шәкәрімнің қандай өлеңдерімен таныстыңдар?
- Шәкәрім туралы не білеміз?
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, бүгінгі сабақта бұрынғы білімді жаңа мәліметтермен толықтырып, кеңейтеміз.
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны хронологиялық кесте арқылы түсіндіріледі.
| № | Жылдар | Болған оқиға |
|---|---|---|
| 1 | 1858, 11 шілде | Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. |
| 2 | 1866 | Әкесі Құдайберді қайтыс болды. Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде, Абай ағасының қамқорлығында өседі. |
| 3 | 1879 жылдан бастап | Өлең жазумен шұғылданды. «Жастық туралы», «Кәрілік туралы», «Жастарға», «Арман», «Насихат» сияқты өлеңдерін жазды. |
| 4 | 1904 | Рухани тірегі Абайдан, сондай-ақ інілері Ақылбай мен Мағауиядан айырылды. |
| 5 | 1904–1905 | Ел мен жер тану мақсатында Меккеге барып, қажы атанды. Сапар барысында Ыстамбұл кітапханаларында жұмыс істеп, Шығыс пен Батыс ғалымдарының еңбектерімен танысты. |
| 6 | 1909–1910 | Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерде оңаша өмір сүрді. |
| 7 | 1917 | Ел ішіне оралды. Қоғамдағы жаңалықтарды жырға қосып, көптеген мақалаларын баспасөз бетінде жариялады. |
| 8 | 1931, 2 қазан | 73 жасында адам қолынан қаза тапты. |
Шәкәрім нәр алған орта
Ақынның дүниетанымын қалыптастырған негізгі қайнарлар төмендегідей:
Ауыз әдебиеті
Халықтық мұра, жыр-дастан дәстүрі
Ағасы Абай
Рухани ұстаз, ой мектебі
Батыс әдебиеті
Әлемдік ой-пікірмен сабақтастық
Шығыс әдебиеті
Классикалық дәстүр, рухани мұра