Сілтілік металдардың валенттілігі бірге тең
Химия тақырыбы: Натрий және оның қосылыстары
Бұл сабақ жоспары натрий элементін және оның негізгі қосылыстарын жүйелі түрде қарастырып, оқушылардың химиялық тілін, есеп шығару және теңдеу құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған.
Түйінді идея
Натрий және оның қосылыстары туралы түсінікті қалыптастыру, қасиеттерін салыстыру және тәжірибе арқылы қорытынды жасау.
Мақсаты
- Натрий және оның қосылыстары туралы нақты түсінік беру.
- Химиялық формула мен теңдеу құрастыру дағдыларын дамыту.
- Есеп шығару біліктілігін жетілдіру.
- Өздігінен жұмыс істеуге бейімдеу, танымдық қабілетін арттыру.
- Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және іскерлікке тәрбиелеу.
- Алған білімді топтық оқуда және күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс
Талқылау, кластер жасау, қорғау.
Жұптық жұмыс
Сұрақ-жауап, өзара тексеру.
Жеке жұмыс
Қорытынды, есеп, қысқа тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже
- Натрий және оның қосылыстарын біледі.
- Қосылыстардың формулаларын талдап, басқа күрделі қосылыстардан ажырата алады.
- Физикалық қасиеттеріне назар аударады және сипаттайды.
- Химиялық қасиеттерін зерттеп, тәжірибелер негізінде қорытынды жасайды.
- Химиялық сауаттылығы, химиялық тілі және практикалық дағдылары дамиды.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
- Ынтымақтастық атмосферасын құру.
- Топқа бөлу.
- «Сенемін, сенбеймін» тапсырмасы.
«Сенемін, сенбеймін» тұжырымдары
1. Сілтілік металдар бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан.
Иә2. Ca сілтілік металл қатарына кіреді.
Жоқ3. Литий қатты металл.
Жоқ4. Сілтілік металдардың валенттілігі 1-ге тең.
Иә5. Калийдің реттік нөмірі 39.
ЖоқТақырыпты ашу (білу)
ХЭПЖ бойынша бірінші топтың негізгі топшасында орналасқан элементтерді анықтау. Солардың ішінде натрий элементіне жалпы сипаттама беру.
Мағынаны тану (түсіну)
«Үш қадам» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылады: кластер құру, ойды жүйелеу және қорытындыны қорғау. Сыни сұрақтардың әртүрлі түрлері қойылып, дәлелмен жауап беруге бағытталады.
Топтық жұмыс (қолдану)
I топ
Натрийдің физикалық қасиеттері және алынуы.
II топ
Натрийдің химиялық қасиеттері.
III топ
Натрийдің қолданылуы.
Оқушылар мәтінмен танысып, топ ішінде талқылайды. Нәтижесін қағазға түсіріп, сынып алдында таныстырып қорғайды.
Автор туралы мәлімет
ШҚО, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, «Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені» КММ-нің химия пәнінің мұғалімі — Айтқұрбанов Мейрамбек Әшімұлы.