Қысқарған сөздердің жазылу ережесін білу
Қысқарған сөздер
Бұл материал 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығына негізделген.
Сілтеме
- «Қазақ тілі», 4-сынып. Алматы: «Кітап» баспасы, 2011 жыл.
- Авторлар: Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова.
Жалпы мақсаттар
Тақырыптық түсіндіру
- Тұрмыста жиі қолданылатын қысқарған сөз түрлерімен және олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру.
- Қысқарған сөздерді толық атауымен айтуға жаттықтыру.
- Қысқарған сөздердің басқа күрделі сөздерден айырмашылығын ұғындыру.
Тілдік дағдылар
- Қысқарған сөздерге қосымшаның жалғану тәсілдерімен таныстыру.
- Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
- Ой қорыту машығын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
- Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Сауаттылыққа баулу.
- Тыңдай білу мәдениетін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі
- Қысқарған сөздердің жазылу ережелерін біледі.
- Күрделі сөздер туралы білімін толықтырады.
- Топпен бірлесіп жұмыс жасауға машықтанады.
- Өз ойын еркін жеткізе алады.
Автор туралы мәлімет
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Жармұханова Қаламқас Бекетқызы.