Төлдерін тап
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Ауылға саяхатқа шығу»
Апта тақырыбы: Үй жануарлары. Білім беру саласы: Таным. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану. Тақырыбы: «Ауылға саяхатқа шығу» (үй жануарлары туралы суреттерді қарау).
Мақсаты
- Балалардың үй жануарлары туралы білімін кеңейту.
- Жануарлардың дене мүшелерін атауға үйрету.
- Айырмалық ерекшеліктерін байқау қабілетін дамыту: немен қоректенеді, қалай қозғалады, қандай дыбыс шығарады, ересектер қалай күтім жасайды.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілігі
- Үй жануарларының суреттері
- «Үй жануарлары» жазылған бейнетаспа
Сөздік жұмыс
Үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ, сиыр, бұзау.
Билингвальды компонент
Қазақша
үй жануарлары
Орысша
домашние животные
Қазақша
түйе
Орысша
верблюд
Қазақша
бота
Орысша
верблюжонок
Қазақша
жылқы
Орысша
лошадь
Қазақша
құлыншақ
Орысша
жеребёнок
Ұйымдастырушылық-қозғаушылық кезең
І. Жансүгіровтың өлеңін оқып, балаларға сұрақтар қойылады:
Шөре, шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секеңдемей, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Демонстрациялық материалмен жұмыс
Балаларға үй жануарларының суреттері көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі.
Сұрақтар: Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?
Түсіндіру: Адам қолында ұстап, бағып-күтетін жануарларды үй жануарлары деп атаймыз. Олардың еті мен сүті — тағам, ал жүні мен терісі — киімге қажет.
Төлдерін атау
Малдардың төлдерін атаймыз және еркелетіп айту үлгілерін еске түсіреміз:
- Ешкінің төлі — лақ.
- Қойдың төлі — қозы (еркелетіп: қошақан).
- Түйенің төлі — бота (еркелетіп: ботақан).
- Жылқының төлі — құлын (еркелетіп: құлыншақ).
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Жылқы: Жылқы — үлкен, ал құлын — кішкентай. Құлын енесімен жарысып шауып барады. Төлдің анасын ене деп атайды.
Ешкі: Мынау — ешкі. Қасындағы төлі — лақ.
Түйе: Суретте түйе және оның төлі — ботақан. Бота енесіне еркелеп тұр. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады, ол жүк тасуға өте ыңғайлы.
Сергіту сәті
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Ойын: «Төлдерін тап»
Ойын шарты
Суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді.
Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Қорытынды сұрақтар
- Қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Малдардың төлдерін қалай атаймыз?
Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекеті қорытындыланады. Балалар мадақталады.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін сызықпен қосуды.
Түсінеді
Үй жануарлары және олардың төлдері туралы негізгі мәліметті.
Қолданады
Дыбыстарды дұрыс айта білуді.