Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
Азаматтық қорғаныс — жалпы мемлекеттік қорғану іс-шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Шаруашылық нысандарын (оқу орындарын) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, әскери емес азаматтық қорғаныс бөлімшелері, олардың атқаратын қызметі және жабдықталуы.
Мақсат
Оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру, ұғымдарын қалыптастыру.
Уақыты
45 минут
Өткізілетін орны
11-сынып, БӘД кабинеті
Көрнекілік құралдар
- АӘД оқулығы
- АҚ журналдары
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді. Амандасу жүргізіледі, оқушылар түгелденеді және сыртқы келбеті тексеріледі.
Өткен тақырыпты сұрау
10 минут
-
Жазық тікбұрышты координаталар дегеніміз не?
-
Тікбұрышты (шақырымдық) координаталық тор дегеніміз не?
-
Картада шаршы бойынша пункттің орны қалай көрсетіледі?
-
Берілген мысалдар бойынша картадағы нүктенің координаталарын анықтаңдар.
Негізгі бөлім
22 минут
Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы
Азаматтық қорғаныс — жалпы мемлекеттік қорғану шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол халықты дұшпанның әртүрлі қару түрлерінің әсерінен, сондай-ақ техногендік және табиғи апаттардың негізгі зақымдаушы факторларынан қорғау үшін ұйымдастырылады.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері
-
1) Қауіпті әсерді болдырмау
Дұшпанның тұтқиылдан жасаған соққыларының әсерін және қауіпті факторлардың ықпалын алдын ала болдырмау.
-
2) Әсерді бәсеңдету
Соққылардың нәтижелілігін төмендетіп, қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.
-
3) Зардапты анықтау
Жою құралдарының әсерін және қауіпті факторлардың салдарын айқындау.
-
4) Зардапты жою
Дұшпан соққыларының салдарын және қауіпті факторлардың әсерін жою бойынша шараларды ұйымдастыру.
1-міндетті шешу жолдары
- Дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезінде анықтау.
- Техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті факторлардың ықтимал қауіп-қатерін болжау.
- Халықты жаппай жою қаруының, техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті факторлардың қаупі туралы алдын ала ескерту.
- Радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану қаупі және басқа да қауіпті факторлар туралы хабарлау.
2-міндетті іске асыру тәсілдері
- Халықты қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және оларды уақытында дұрыс қолдануды ұйымдастыру.
- Әртүрлі фортификациялық құрылыстарды қолдану: баспаналар, тез тұрғызылатын қорғаныс құрылыстары, радиациядан қорғайтын панаханалар.