Тазша баланың өтірік әңгімесі
5-сынып әдебиеті: күнделікті сабақ жоспары (№3 үлгі)
Бұл материал 5-сыныпқа арналған әдебиет сабағын жоспарлаудың құрылымын ұсынады. Негізгі мақсат — оқушылардың мәтінді түсінуін тереңдету, кейіпкерлерді талдауға үйрету және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Пән
Әдебиет
Сынып
5
Күні
13 қазан
Мұғалім
Р. Қалматаева
Сабақ тақырыбы
«Қырық өтірік» ертегісі
Білімділік
Оқушыларды ертегінің мазмұнымен таныстыру, кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұлтжандылыққа, елін қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Әдеби дүниетанымды кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы қызығушылықты арттыру.
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Талдау, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру
- Пәнаралық байланыс
- Тіл, тарих
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Сырттандар» ертегісі туралы түсінік айту.
- Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазып келу.
III. Білім тексеру («Сырттандар» ертегісі бойынша)
- Байдың баласы қандай түс көрді?
- Әке-шешесі не істеді?
- Түсті кім және қалай жорыды?
- Бала қасқырдан қалай қашып құтылды?
- Баланың қасқырдан қашып құтылуына кім көмектесті?
- Қара ауыз ит қара қасқырды қалай жеңді?
IV. Жаңа сабаққа дайындық
Тақырып
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
Мақсат
Сабақ мақсатын түсіндіру.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру (жоспар)
Мәтін жоспар бойынша бөлімдерге бөлініп, әр бөлімге топтық және жұптық тапсырмалар беріледі.
- Ханның халқына шығарған жарлығы.
- Тазша баланың хан алдына келуі.
- Ханның Тазша баланы мысқылдауы.
- Тазша баланың өтірік әңгімесі.
- Тазша баланың өтірік әңгімесінің аяқталуы.
- Ханның Тазша балаға таң қалуы.
- Тазша баланың өтірік өлеңі.
- Ханның жеңілуі.
VI. Түсінік тексеру
- Өтірік әңгімені толық оқып, мазмұнын есте сақтаңдар.
- Оқиғаның қызық әрі күлкілі шығуына әсер ететін мән-мағынасына зер салыңдар.
- Өтірік әңгіменің оқиға тұтастығын аңғарыңдар.
- «Қырық өтірік» әңгімесінің тууына себеп болған оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқыңдар.
-
Тазша баланың «қырық өтірік» әңгімесін жеке оқып, бөлімдерге бөліңдер:
- жоғалған құлын хикаясы;
- қоянның оқиғасы;
- етіктің шатағы.
VII. Жаңа сабақты бекіту (оқулықпен жұмыс)
- Әр бөлімнің мазмұнын бөлек айтып, оның неліктен өтірік екенін дәлелдеңдер.
- Өтірік өлеңнің әр шумағын жеке оқып, мәнін түсіндіріңдер.
- Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғарылады?
- Ертегінің басталуы мен аяқталуы бұрын оқыған ертегілерге ұқсай ма?
- «Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты бойынша жатқызуға болады?
- Ертегіге берілген суреттерге қарап әңгімелеңдер.
VIII. Сабақты қорыту
- Бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасы
- Өтірік өлең туралы түсінік жазу.
- Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
Ескерту: толық нұсқасын қарау.