Айарудың тапсырмалары

Оқу қызметінің сипаттамасы

Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Драма

Тақырыбы

Театр әлемінде

Мақсаты

  • Балаларға театр туралы түсінік беру және қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру.
  • Балалардың өз ойын жеткізе білуін дамыту; театрландырылған ойындарға оң көзқарас қалыптастыру.
  • Басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Театр өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс және ресурстар

Алдын ала жұмыс

Қуыршақ театрынан қойылымдар тамашалау.

Көрнекі құралдар

  • Ерден ата және Айару қуыршақтары
  • Қуыршақ театры түрлерінен көрме
  • Слайдтар
  • Әліппе-дәптер

Сөздік жұмыс

театр киілмелі қуыршақтар қойылым

Билингвальді компонент

Негізгі ұғымдарды екі тілде бекіту:

Қуыршақ театры
кукольный театр
Спектакль
қойылым
Выставка
көрме

Негізгі түсініктер

  • Театр — өнердің бір түрі.
  • Қуыршақ театры — қуыршақтар арқылы ойын көрсетілетін театр түрі.
  • Қуыршақты актер қимылға келтіреді, ал оның сөзін көбіне өзі (кейде көркемсөз оқушы) жеткізеді.

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Қонаққа Ерден ата немересі Айарумен келеді.

Ерден ата:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — Ерден атамын. Балаларға ертегі айтқанды жақсы көремін. Ал мынау — менің немерем, аты — Айару».

Тәрбиеші Ерден атаның ертекші екенін еске салып, оның көрме ұйымдастыруды сұрағанын түсіндіреді.

Балалар қонақтармен сәлемдесіп, танысады.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Көрме: театрға қажетті құрал-жабдықтар

  • перде, үстел үсті шамы
  • костюмдер, атрибуттар
  • грим, айна, бетперде

Қуыршақ театрының түрлері

  • саусақ театры
  • қолғап театры
  • үстел үсті театры
  • көлеңке театры
  • ойыншық театры
  • конус театры
  • марионетка қуыршақтары

Слайд арқылы театр түрлері толықтырылып көрсетіледі, әрқайсысының атауы жеке аталады.

Айарудың түсіндірмесі

Театр арқылы түрлі кейіпкерлердің рөліне еніп, өзіңді әр қырынан көрсетуге болады. Театр әлемінде қуыршақтарға, жан-жануарларға жан бітіп, олар сөйлейді, күледі, жылайды және эмоцияларын көрсете алады.

Практикалық жұмыс

Педагог балаларға ұнаған қуыршақты таңдап, оған «жан бітіріп», қимыл-қозғалысын, дауысын және мимикасын қолданып шағын көрініс көрсетуге ұсынады.

3) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма

  • Бұл заттар не үшін керек?
  • Осындай қуыршақтарды қайдан көрдің?
  • Кім театрға барып көрді?

2-тапсырма: «Жаңғырық» ойыны

«Театр», «бетперде», «сахна» сөздерін әртүрлі екпінде айту: дауыстап, ақырын, сыбырлап, іштен.

3-тапсырма

Ертегі кейіпкерінің көңіл күйін бетпердемен сәйкестендір.

Балалардың әрекеті

  • Көрмені тамашалайды.
  • Слайд арқылы театр түрлерімен танысады.
  • Таңдаған қуыршағымен шағын көрініс көрсетеді.
  • Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті: «Тату жануарлар» ойыны

Ереже

Балалар шеңберге тұрып, 3 топқа бөлінеді: пілдер, аюлар, түлкілер.

  • «Пілдер» дегенде: бірінші топ бастарын піл сияқты 2 рет иеді.
  • «Түлкілер» дегенде: бір рет шапалақ ұрады.
  • «Аюлар» дегенде: оң аяқпен 1 рет тарсылдатады.

Қиындау нұсқа

Әрі қарай топтарды ауыстырып, тапсырмаларды қайта орындайды: пілдерді — түлкілерге, түлкілерді — аюларға, аюларды — пілдерге ауыстыру.

Негізгі талап: барлық бала топпен бірдей, бір уақытта орындауы керек.

Қуыршақ театры: түрлері және жіктелуі

Қуыршақтың түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне және сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі:

Киілмелі қуыршақ

Қолға киіп ойнайтын қуыршақ түрі.

Сылдырмақты қуыршақ

Жіп немесе сым арқылы қозғалтылатын қуыршақ.

Экрандық (сурет) қуыршақ

Қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіріп ойнайтын түр.

Осы қуыршақтарды, костюмдерді, бетперделер мен атрибуттарды пайдалана отырып, келешекте сендер де ертегілерді сахналай аласыңдар.

Рефлексия және бағалау

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз өнердің қай түрімен таныстық?
  • Қуыршақ театрының қандай түрлері бар?

Өзін-өзі бағалау

Ерден ата балаларға оқу қызметін бағалауды ұсынады:

  • Ұнаса — жасыл қоржынды қорша.
  • Ұнамаса — қызыл қоржынды қорша.

Күтілетін нәтижелер

Жасайды

Жан-жануарлардың дыбысын салып, қимыл-әрекеттерін қайталайды.

Түсінеді

Театрға қажетті заттардың қолданылуын ажырата біледі.

Қолданады

Дыбыстарды анық әрі әртүрлі қарқында дыбыстайды.

Дереккөз

Ұйым

ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, №3 «Ақтоғай» бала бақша-бөбекжайы

Тәрбиеші

Рузьева Гулнур Курманжанқызы