Зарядтың өлшем бірлігі электрон

10-сынып: Физика және астрономия сабақ тақырыптары

Негізгі тақырыптар

  • Кулон заңы
  • Жұмыс, қуат, энергия тақырыптары бойынша есептер шығару

Сабақтың фокусы

Бұл сабақта тыныштықтағы екі нүктелік зарядталған денелердің (немесе бөлшектердің) өзара әсерлесу заңын тұжырымдап, оны Бүкіләлемдік тартылыс заңымен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіреміз.

Жалпы мақсаттар

  • Тыныштықтағы екі нүктелік зарядтың өзара әсерлесуін сипаттайтын Кулон заңын тұжырымдау.

  • Гравитациялық тартылыс заңымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.

Түйінді идея

«Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді есімде сақтаймын, істегенімді түсінемін.» (Конфуций)

Қолданылатын әдіс-тәсілдер және ресурстар

Стратегиялар

  • Блиц сұрақ
  • Джигсо
  • Түрлі түсті конверт
  • Семантикалық карта
  • Ым-ишара
  • Аяқталмаған сөйлемдер

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Слайдтар
  • Видеопроектор

Дереккөздер

  • Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева — «Физика және астрономия», 10-сынып оқулығы. Алматы: Атамұра, 2012.
  • Г. И. Жаксылыкова, А. М. Қаженова, Н. З. Исмағалиева — «Интербелсенді әдіс-тәсілдер». Өскемен, 2014.

Күтілетін нәтижелер

Түсіну

Оқушылар Кулон заңы туралы нақты түсінік қалыптастырады.

Ойлау

Ғылыми қорытынды жасап, дәлелдеу дағдыларын дамытады.

Қолдану

Тақырыпты күнделікті өмірдегі құбылыстармен байланыстырып қолдана алады.

Сабақ құрылымы (3 кезең)

1-кезең: Қызығушылықты ояту

Сабақ «жылылық сыйлау» стратегиясы арқылы қысқа сергіту сәтінен басталады. Одан кейін оқушылар топқа бөлінеді.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін блиц сұрақтар беріледі.

Сұрақ Иә / Жоқ
1 Кәдімгі жағдайда дененің заряды болады. Иә
2 Электрон зарядының мәні: e = 1.6 × 10⁻¹⁹ Кл. Иә
3 Протонның заряды бейтарап. Жоқ
4 Нейтронның заряды оң. Жоқ
5 Зарядты q әрпімен белгілейміз. Иә
6 Зарядтың өлшем бірлігі — электрон. Жоқ
7 Ядроның заряды теріс. Жоқ
8 Аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Жоқ
9 Әр аттас зарядтар бірін-бірі тебеді. Жоқ
10 Милликен тәжірибеде электрон зарядының мәнін анықтады. Иә

Ескертпе: кестедегі «иә/жоқ» жауаптары ұғымдарды нақтылау үшін берілген (оқушының тез жауап беру дағдысын дамытуға бағытталған).

2-кезең: Мағынаны ажырату

Тақырыпты талқылау үшін «Джигсо» әдісі қолданылады. Әр оқушыға түрлі түсті конверт арқылы жеке тапсырма ұсынылады.

Есеп 1

Әр аттас зарядталған екі бірдей металл шар берілген. Бірінші шардың заряды −15 мкКл, ал екіншісі +25 мкКл. Шарларды бір-біріне түйістіріп, қайта ажыратамыз. Түйістіргеннен кейінгі шарлардың зарядын және екі шардың 5 см арақашықтықтағы әсерлесу күшін анықтаңыз.

Тәжірибе тапсырмасы

  • Құралдар: тарақ, қаламсап, шар, газет, пластмасса сызғыш.
  • Тәжірибе арқылы денелердің электрленетінін дәлелдеңіз.
  • Денелердің электрлену себебі неде?
  • Денелерді электрлендірудің тағы қандай тәсілдері бар?

Есеп 2

Кішкентай екі шариктің зарядтары 2 × 10⁻⁷ Кл және 4.5 × 10⁻⁷ Кл. Олар вакуумда 0.1 Н күшпен өзара әсер етеді. Шариктердің арақашықтығын есептеңіз.

Есеп 3

Екі бұлттың арасындағы орташа қашықтық 10 км. Олардың электр зарядтары 10 Кл және 20 Кл. Бұлттар қандай электр күшімен өзара әсерлеседі?

Есеп 4

q₁ = 6 нКл электр заряды бар су тамшысы q₂ = −3 нКл электр заряды бар су тамшысымен бірікті. Пайда болған тамшының зарядын анықтаңыз.

Есеп 5

Екі нүктелік заряд 1 Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың әрқайсысының зарядын 4 есе арттырса, Кулон күші қалай өзгереді?

Есеп 6

1 мкКл және 10 нКл екі заряд бір-біріне 9 мН күшпен әсер етеді. Зарядтар қандай қашықтықта орналасқан?

3-кезең: Ой-толғаныс

Оқушылар негізгі ұғымдарды бекіту үшін семантикалық карта толтырады.

Қорытынды тапсырма

Кулон заңының негізгі тұжырымдарын, формуладағы шамалардың мағынасын және күштің зарядқа әрі арақашықтыққа тәуелділігін семантикалық картада көрсетіңіз.

Мұғалім туралы