Жетелеуші сұрақтар
Топтамадағы сабақтар тізімі
- Сөздердің байланысу тәсілдері (7-сынып)
- Ғабдолла Тоқай: «Өмір жолына қадам басқандарға»
- Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сөздердің байланысу тәсілдері (7-сынып)
Бұл сабақта оқушылар сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысу тәсілдерін меңгереді және оларды тәжірибеде қолдануды үйренеді.
Мақсаты
Оқушылар сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысу тәсілдерін меңгереді.
Сабақ түрі
Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы.
Бағалау
Теориялық білімді қолдану мүмкіндігі мен ұжымдық жұмыс жасау қабілеті.
Міндеттері
а) Мазмұнға байланысты
- Сөздердің байланысу амал-тәсілдерін ажырата алады.
- Алған білімін қолданады.
- Сөз тұлғасына талдау жасайды.
ә) Сыни ойлауды дамыту
- Ұсынылған мәліметтерді талдап, саралай алады.
- Сөздердің байланысу тәсілдерін қорытындылап шығарады.
- Ерікті және сыни оқу дағдылары қалыптасады.
б) Топтық жұмыс
- Топта бірін-бірі оқытады.
- Бірлесе шешім қабылдайды.
Сабақ әдістері мен көрнекілігі
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- «Сөздер сөйлейді»
- «Негізгі идеяны тану»
- «Бір айналым сөйлесу»
- Семантикалық карта
Көрнекілігі
- Тақырыптық слайд материалдары
- Үлестірме мәтін
- Қосымша материалдар
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың өзіндік ойлауы мен оқу белсенділігі артады. Жаңа оқу материалын меңгеру барысында ерікті оқу дағдылары қалыптасады. Соның нәтижесінде олар ұсынылған теориялық ұғымдарға сүйене отырып, сөздердің байланысу тәсілдерінің негізгі белгілерін ажыратады және тақырып бойынша қорытынды жасауға дағдыланады.
Сабақ барысы
I кезең
Қызығушылықты ояту
Сынып ішінен бір оқушы шақырылады. Оған алдын ала дайындалған ұғымдардың негізгі белгілері жасырын түрде ұсынылады. Оқушы берілген белгілерге сүйене отырып, негізгі ұғымның атауын табуы керек.
II кезең
Мағынаны тану
Әр топқа қосымшасыз, түбір күйіндегі жекелеген сөздер ұсынылады. Тапсырма: осы сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрау. Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысу жолына назар аудара отырып, оқушылар сөздердің байланысу тәсілдерін өздері анықтайды.
Үлгі 1
Ана тілі — туған халқыңның тілі.
Үлгі 2
Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.
Үлгі 3
Білім мен мәдениет кітап арқылы беріледі.
Үлгі 4
Атадан жақсы ұл туса...
Жетелеуші сұрақтар
- Сөздер жеке-жеке тұрған кезде белгілі бір ойды білдіріп, сөйлем бола ала ма?
- Сөздерді өзара байланыстыру үшін қандай әрекет жасадыңыздар?
- Сөздердің байланысуының қандай тәсілдері бар?
- Сөздерді байланыстырудың бұлардан басқа тағы қандай жолдары болуы мүмкін?
Теориялық бөлім: сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздер белгілі бір тұтас ойды білдіру үшін бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Яғни сөздер өзара белгілі бір тәсілдер арқылы байланысып, соның нәтижесінде сөйлем жасалады.
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер бір-бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады.