Электр тогы қуатының формуласы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

№11 жалпы білім беру орта мектебі

Физика пәні мұғалімі: Бағтыбаева Жанна

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың тақырыбы

Электромагниттік индукция. Генераторлар

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларды электромагниттік индукция құбылысымен, генераторлардың құрылысы және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.

2) Дамытушылық

Тақырыпты талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік

Білгенін, үйренгенін және байқағанын сауатты түрде, ғылыми негізде баяндауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • СТО элементтері
  • Қайталау

Сабақтың көрнекіліктері

  • АКТ
  • Плакаттар
  • Оқулық

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

  1. 1Сәлемдесу.
  2. 2Оқушыларды түгендеу.
  3. 3Оқушыларды топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

10 минут

1-тапсырма: сұрақ-жауап

  • Сол қол ережесі дегеніміз не?
  • Электр қозғалтқыш не үшін пайдаланылады?
  • Электр өлшеуіш аспаптардың қандай түрлері бар?
  • Магнетиктер дегеніміз не?
  • Сыртқы магнит өрісін едәуір күшейтетін заттар қалай аталады?
  • Ферромагниттік емес заттар нешеге бөлінеді?
  • Парамагнетиктерге қандай заттар жатады?
  • Диамагнетиктерге қандай заттар жатады?

2-тапсырма: «Ортадағы қаламсап» ойыны (формулалар)

  • Электр тогының жұмысы формуласы қандай?
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектегі жалпы ток күші неге тең?
  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы қандай?
  • Джоуль–Ленц заңының формуласы қандай?
  • Электр тогының қуатының формуласы қандай?

III. Жаңа материалды меңгерту

15 минут

Табиғатта біржақты құбылыстар мен процестер болмайтынын талай рет байқадық. Егер электр тогы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та болуы тиіс. Сондықтан: «Магнит өрісі электр тогын тудыра ала ма?» деген орынды сұрақ туындайды.

Электр тогының магнит өрісін тудыру қабілеті ашылғаннан кейін көптеген ғалымдар кері процесті — магнит өрісінің әсерінен электр тогын тудыру мүмкіндігін — іздестірді. Бұл құбылысты 1831 жылы Майкл Фарадей алғаш болып ашты. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады.

Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады («индукция» — латын тілінен аударғанда «бағыттау» дегенді білдіреді). Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогы индукциялық ток деп аталады.

Тәжірибелер индукциялық токты әртүрлі тәсілдермен тудыруға болатынын көрсетті: магнитті катушкаға енгізу немесе шығару; катушканы магнитке кигізу немесе магниттен суырып алу.

Индукциялық ток механикалық қозғалыссыз да пайда болуы мүмкін. Ол үшін жақын орналасқан екі катушканың біреуін ток көзіне қосу жеткілікті. Егер бірінші катушкадағы токтың магнит өрісі екінші катушканың орамдарын олардың жазықтарына перпендикуляр бағытта тесіп өтсе, онда бірінші катушкадағы токтың кез келген өзгерісі екінші катушкада индукциялық ток тудырады.

Қолданылуы

Электромагниттік индукция құбылысы жылу және гидроэлектр станцияларында электр энергиясын өндіру үшін қолданылады.

Негізгі ұғым

Генератор — механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина.

Генератордың негізгі бөліктері

  1. 1 Индуктор — магнит өрісін тудыратын магнит немесе электромагнит.
  2. 2 Якорь — магнит өрісі өзгергенде индукциялық ток пайда болатын орама.
  3. 3 Контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналары — генератордың айналатын бөлігінен ток алу немесе оған ток жеткізу үшін.

Генератордың айналатын бөлігіротор, ал қозғалмайтын бөлігістатор деп аталады.

IV. Қайталау есептері («Сиқырлы ұяшық»)

10 минут

  1. Кедергісі 1 Ом өткізгіштен 15 с уақытта 45 Кл заряд өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеуді табыңдар.
  2. Жылу машинасы бір циклде 400 Дж жылу шығарып, 600 Дж жұмыс істейді. Машинаның ПӘК-ін табыңдар.
  3. Ұзындығы 4 м, көлденең қимасының ауданы 0,4 мм² болат сымның кедергісін табыңдар.
  4. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120 В. 2 минут ішінде осы тізбекте өндірілген ток жұмысы қандай?
  5. Потенциалдар айырмасы 2 кВ болатын нүктелер арасында орын ауыстырғанда электр өрісі 50 мкДж жұмыс атқарса, зарядтың шамасын табыңдар.
  6. Идеал газға 15 кДж жылу берілді. Осы кезде ішкі энергия 10 кДж-ға артты. Газдың атқарған жұмысын табыңдар.

V. Сабақты бекіту («Дискуссиялық карта»)

5 минут

Тұжырым

Иә

Жоқ

1) 1831 жылы Фарадей магнит өрісі өзгергенде электр тогының пайда болу құбылысын ашты.

2) Генератордың айналатын бөлігі ротор деп аталады.

3) Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина трансформатор деп аталады.

4) Электромагниттік индукция — контурды тесіп өтетін магнит өрісі өзгерген кезде контурда электр тогының пайда болу құбылысы.

5) Генератордың қозғалмайтын бөлігі статор деп аталады.

6) Генератор екі бөліктен тұрады.

VI. Үй тапсырмасы

Берілді

Оқулық бойынша тақырыпты оқу, негізгі ұғымдарды (электромагниттік индукция, индукциялық ток, генератор, ротор, статор) қайталау және қысқаша конспект дайындау.

VII. Бағалау

1 минут

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, есептерді шығару белсенділігі және топтық жұмысқа үлесі негізінде бағаланады.