Зар замандағы қайталанған эпифора сөз
Сабақтың тақырыбы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімді оқушылардың өз бетінше меңгеруі.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
- Ш. Қанайұлы шығармаларының тақырыптық-идеялық өзектілігін тану.
- Жырларын оқып, түсіну.
- Ақын поэзиясының құндылығын ұғыну.
Тәрбиелік
Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық және әділеттілік сияқты асыл қасиеттерге баулу.
Дамытушылық
- Шәкірт санасында өзіндік көзқарас пен пікір қалыптастыру.
- Оқушыларды ізденіске, зерттеуге жетелеу.
- Тіл байлығын және поэзияға сүйіспеншілігін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру, сабақтың бағытын айқындау.
I. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы
- Д. Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындық.
- «О, Ақтан жас» өлеңі бойынша құрылған жоспарларды тексеру, талдау; өлеңді жатқа айту.
- Ізденіс жұмыстары: қосымша деректер жинақтау.
- Арнау (шығармашылық жұмыс): өлең, эссе, ой толғау, сөзжұмбақ және т.б.
Сезіну бөлімі: іздену кезеңі
Оқулық, электрондық оқулық және интернет материалдарын пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап іздейміз (сұрақтар интерактивті тақтада көрсетіледі).
- Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?
- Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?
- Шортанбай өз дәуірін неге «зар заман» деп атады?
- Бұл бағалау түңілу, үмітсіздік пен сары уайымнан туды ма?
- Неліктен «зар заман» ұғымы кейін тұтас бір дәуірдің атауына айналды?
Әр сұрақ бойынша оқушылардың дәлелді жауаптары тыңдалады.
Ойлау бөлімі: мәтін мен идеяны талқылау
Негізгі өзек
Шортанбай зары
Зар заман туралы ой-толғау
Зар заман
Қоғамдық өзгерістердің салдары
Келер заман
Алдағы күнге алаң
Өсиет, насихат
Адамдыққа шақыру
Талқылауға арналған сұрақтар
- Бұл өлеңдер нені дәлелдеу үшін жазылған?
- Ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?
- Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, Құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?
- Заман өзгерісіне сай қандай құндылықтар жоғалып, қандай теріс қылықтар күшейді?
Тірек-сызба: қоғамдағы ықпал етуші күштер
Үстем тап
Хан, би, старшын
Саясат пен жүйе
Отаршылдық ықпал
Экономикалық фактор
Сауда, ақша үстемдігі
Қоғам
Құндылықтардың ауысуы
Дәптермен жұмыс
«Зар заман» өлеңіндегі қайталанатын эпифораны табу: «заман» сөзі.
Талдау кезеңі: өлең құрылысы
Өлеңнің құрылымына қысқаша талдау жасалып, негізгі ұғымдар еске түсіріледі.
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне мал көрінбей,
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріндей.
Қосымша тапсырма
Шортанбай өлеңдерінде мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін теріп жазып, тізім құрастыру.
Қалауы бойынша: салыстыру жұмысы (басқа ақындардағы ұқсас ұғымдармен қатар қою).
Дамыту бөлімі: стратегиялар мен шығармашылық
1) Деңгейлік тапсырма: «Дыбыстар сөйлейді»
- Ш
- Шортанбай шығармаларында шындық пен сұмдық қатар суреттеледі.
- О
- Орыстардың қазақтың шұрайлы жеріне қоныстануына қарсы үн қатты.
- Р
- Реалистік тұрғыдан жырлап, өміршең өлеңдер туғызды.
- Т
- Тарлан таланттың тағылымы мол.
- А
- Арлы ақын, арманы биік мұраттарға бағытталған.
- Н
- Насихатқа, өсиетнамаға құрылған жырлар ақын мұрасының өзегі.
- А
- Ақын заман өзгерісіне сай өзіндік үнін қалыптастырған тұлға.
- Й
- Йығыстырар емес, игілікті ісімен халқының қалаулысы бола білген ақын мұрасы — үлгі-өнеге.
2) «Сөзден сөз тудыру» стратегиясы
«Мұсылманшылық» сөзінен жаңа сөздер құрастыру және сөз таптарына бөліп жазу.
3) Арнау: шығармашылық жұмыс
Арнайы дайындалған ұйқас түрлерін қолдана отырып, өлең құрастыруға үйрету (өлең, эссе, ой толғау).
Жаңа сабақты бекіту: өзін-өзі тексеру
Шортанбай Қанайұлын қаншалықты таныдыңдар? Оны қай қырынан бағаладыңдар? Төмендегі кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер.
| № | Мәлімет | Иә | Жоқ |
|---|---|---|---|
| 1 | Ақын | □ | □ |
| 2 | Медресе бітірген | □ | □ |
| 3 | Күрескер ақын | □ | □ |
| 4 | Жырау | □ | □ |
| 5 | Заман жыршысы | □ | □ |
| 6 | Сыншы | □ | □ |
| 7 | Діндар | □ | □ |
| 8 | Айтыскер ақын | □ | □ |
| 9 | Батыр | □ | □ |
| 10 | Шыншыл реалист | □ | □ |
Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы
Қорытындылау
Сабақ мазмұны бойынша негізгі ойлар жинақталып, оқушылардың пікірлері тыңдалады.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, дәлелдері және шығармашылық жұмыстары ескеріледі.
Үйге тапсырма
- Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау.
- Ізденіс жұмысы: ақынның айтыскерлігі туралы мәлімет жинақтау.
- Арнау: ақын мұрасы жайлы өз шығармашылық жұмыстарыңды дайындау.