Текшемен сөйлемді жазу
Сабақтың тақырыбы
Дыбыс және әріптер
Сабақтың мақсаты
- 1 Білімділігі: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
- 2 Дамытушылығы: сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ой-өрісті дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.
- 3 Тәрбиелігі: топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету, жазуға қолды жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер және құралдар
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті, сауат ашу көрсету, сұрақ-жауап.
- Көрнекі құралдар
- Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психожаттығу: «Күлімдейік»
Балалар, адам жанының, жүрегінің кілті — біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап жүрсек, мейірімді әрі ақылды болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі сыйлайық. Олай болса, келіңдер, балалар, күлейік!
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ шытқан не керек, Күліп өмір сүрейік!
Жаттығу: «Біз байсалдымыз»
Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Біз байсалдымыз, Мұқият тыңдаймыз, Есте сақтаймыз, Бөгет жасамаймыз, Сабақта өткенді әрдайым қайталаймыз!
Сұрақ: «Балалар, бұл ненің дыбысы?»
Таңғажайып кезең: «Дыбыстар әлемінің ханшайымы»
Топқа қонақ келеді (музыкамен). Ол өзін әріптер әлемінен келген, дыбыстар әлемінің ханшайымы ретінде таныстырады.
Ханшайым балаларға дыбыстардың ауыз қуысында «тұратынын» қызықты бейнемен түсіндіреді: үйдің төбесі бар, едені — төменгі таңдай, есігі — еріндер. Есіктің берік болуы үшін «сүйек шарбақтар» да бар.
Бірақ үйдің ішінде «ашулы айдаһар» кей дыбыстарға кедергі жасайды: есікті жауып қояды немесе қоршау қояды. Сол себепті дыбыстардың бір тобы емін-еркін шығады (оларды ханшайым қызыл киіммен бейнелейді), ал бір тобы кедергіге ұшырайды (олар көк киіммен бейнеленеді).
Балалар өз білімдерін айтады: сөз, сөйлем, дыбыс, дауысты және дауыссыз дыбыстар. Ханшайым қоштасып, қызықты тапсырмалар қалдырады: орындасаңдар, сыйлықтар күтіп тұр.
1) Жұмбақ және дыбыстық талдау
Жауабы: сиыр. Сұрақ: қай дыбыстан басталады? — «С».
Әріп пен дыбыс саны
«Сиыр» сөзінде 4 әріп және 4 дыбыс бар.
Буынға бөлу
Си-ыр — 2 буын. Ереже: қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
- Дауысты: «и», «ы» — созылып, кедергісіз айтылады (қызыл текшемен белгіленеді).
- Дауыссыз: «с», «р» — қысылып, кедергіге ұшырап айтылады (көк текшемен белгіленеді).
«Сиыр» — сөз. «Ала» — сөз. Екі сөзді байланыстырайық: «Ала сиыр.» Бұл — сөйлем.
- Сөйлем сөздерден құралады және тиянақты ойды білдіреді.
- Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.
- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.
- Сөйлем соңына . ! ? белгілерінің бірі қойылады.
2) Дыбыс пен әріп: негізгі айырмашылық
Балалар, көзімізді жұмсақ та ештеңені көрмейміз, бірақ мұғалімнің дауысын, иттің үруін, машинаның гүрілін естиміз (аудиожазба тыңдатылады). Бұлар — дыбыстар.
Дыбыс
Естиміз және айтамыз.
Әріп
Көреміз, оқимыз және жазамыз.
Қорытынды: дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.
3) Дидактикалық ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Суреттегі заттардың атауын айтып, олардың қай дыбыстан басталатынын анықтаймыз.
4) Буын ұйқастары
- ра-ра-раұшып жүр ара.
- ар-ар-ардала толы қар.
- ыр-ыр-ырүйдің сыртында қыр.
- ры-ры-рыжапырақтар сары.
- ір-ір-ірүсті-басы кір.
5) Мәтінмен жұмыс: К. Ерешов «Ала бұзау»
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көкорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.
Бір кезде қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел уілдейді: «У-у-у». Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды: «Ш-ш-ш». Тоғайда маса ызыңдап мазасын алады: «З-з-з». Ақтөстің ырылдағаны естіледі: «Р-р-р».
Шөп арасынан жылан байқалады, ол ысылдайды: «С-с-с». Ескендір емен түбіне қарай шегінеді де, бұтақтағы ара ұясын көреді. Аралар ыжылдайды: «Ж-ж-ж».
Балалар, бұзауды шақыруға көмектесейік:
«Ауқау-ауқау!»
Қорытынды сұрақ: біз дыбысты не істейміз? — естиміз және айтамыз.
6) Сергіту сәті
Мұғалім дыбыстарды дауыстап айтады. Сендер «А» дыбысын естігенде алақандарыңды шапалақтаңдар (қалған дыбыстарға — келісілген қимылдар: аяқ тыпырлату және т.б.).
О – О – О У – У – У А – А – А Э – Э – Э Ы – Ы – Ы А – А – А Т – Т – Т М – М – М А – А – Я – Я Ө – А – Е
7) Мнеможолдар арқылы мазмұндату
Балалар мнеможолдар (сызбалар) арқылы тыңдаған мәтіннің мазмұнын ретімен айтып береді.
8) Сурет бойынша сөйлем құрастыру
Суретке қарап сөйлем құрастырамыз және сөйлемді текшелермен сызба түрінде көрсетеміз.
Тіл дамыту тапсырмалары
9) Сөздік ойын: «Қарама-қарсы сөздер»
- Мен жоғары десем, сен…
- Мен биік десем, сен…
- Мен төбе десем, сен…
- Мен ауыл десем, сен…
- Мен үлкен десем, сен…
- Мен құрғақ десем, сен…
- Мен алыс десем, сен…
10) Ребус шешу
Берілген ребустарды шешіп, шыққан сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдаймыз.
11) Дәптермен жұмыс
Үлгі бойынша жазу: әріптердің элементтерін дұрыс қосу, жоларалықты сақтау, ұқыптылыққа мән беру.
Қорытынды ереже: сөз дыбыстардан құралады; дыбысты айтамыз және естиміз; дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады; әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
Қорытынды бөлім
12) «Кім жылдам?» логикалық ойыны
- Мұзды қала неден жасалған?
- Мұздан.
- Кітап неден жасалған?
- Қағаздан.
- Орманда не көп?
- Ағаш көп.
- Анасы қызын үйге шақырды. Кім үйде?
- Анасы.
Рефлексия
Өз көңіл-күйіңді сурет арқылы білдір.
Рахмет айтып, бір-бірімізге күлкімізді сыйлайық. Көріскенше күн жақсы болсын, аман-есен болайық!
Автор туралы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарман ауылы. Сарман бастауыш жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Шупанова Айнагүл Максимқызы.