Тәжірибе жасай білу
Сабақ туралы мәлімет
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебі КММ.
Пән мұғалімдері
- Физика: Аскербаева Рысхан
- География: Тұмабаева Гүлсім
Сабақ форматы
- Тақырыбы
- Ауа қысымы мен жылудың таралуы. Фронттар. Жел.
- Түрі
- Жаңа сабақ
- Әдісі
- Деңгейлеп оқыту
Мақсат, қызығушылық, күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Ауа қысымы, температура, фронттар және жел туралы білімді жүйелеу, тақырыптың ғылымилығын арттыру.
Қызығушылық бағыты
- Есеп шығару арқылы логикалық ой-өрісті дамыту.
- Өзіндік көзқарасты қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- 1 Тақырыпты нақты меңгереді.
- 2 Есеп шығара алады.
- 3 Тәжірибе жасай алады.
- 4 Логикалық ойлауды қолданады.
- 5 Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
- 6 Деңгейлеп оқыту арқылы сұрақ құрастырып, талқылай алады.
Қажетті құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер
- Қазақстанның физикалық картасы
- Оқушы атласы
- Слайдтар
Тәжірибе құралдары
- Стақан, су, қағаз
- Сіріңке, тиын, тәрелке
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Слайд: Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауынан
«Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқашан жел оңынан соқпайды.» — Н. Ә. Назарбаев
Білім жолында ескектерің дұрыс есіліп, баратын айлақтарың нақты болсын!
Қадамдар
- 1 Психологиялық дайындық.
- 2 Топқа бөлу (белгілеулер: мм, м/с, t°).
- 3 Топ ережесін түсіндіру, бағалау парағын тарату.
II. Үй жұмысын тексеру (ой қозғау)
Сөзжұмбақ арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру және негізгі ұғымдарды нақтылау.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Өзіне тән қасиеті бар ауа жиынтығы.
- Фосфорит пен тұз қандай пайдалы қазбаға жатады?
- Бокситтен не алынады?
- Қазақстанның ең төмен жері қайсы?
- Сарыарқада меридиан бағытымен созылып жатқан тау.
- Көмірді ашық әдіспен өндіретін алап.
- Қоңырат кен орнынан қандай кен алынады?
- Мезозойда болған тау түзілу үдерісі.
- Радиацияның жер бетіне сіңуі.
- Тура және шашыранды радиацияның қосындысы.
- Атлант мұхитынан келетін ауа массасы.
- Қазақстанның климаты қандай?
- Күннен жерге тікелей түсетін сәуле.
- Климат түзуші факторлар.
III. Жаңа сабақ
1) «Түртіп алу» технологиясы
Негізгі ұғымдар: ауа қысымы, жылу, жел, циклон, антициклон, фронт.
Есте сақтайтын ереже
Биіктік артқан сайын ауа қысымы шамамен әр 10 м сайын 1 мм төмендейді.
Температураның өзгеруі
Биіктік артқан сайын температура шамамен әр 100 м сайын 0,6 °C төмендейді.
2) Мәтінмен жұмыс: сұрақ құрастыру
Оқушылар мәтінді оқи отырып, талқылауға жетелейтін сұрақтар құрастырады. Негізгі бөлім: атмосфералық қысым.
- Ауа қысымына қандай факторлар әсер етеді?
- Циклон мен антициклон қандай ауа райын қалыптастырады?
- Фронттардың түрлері және олардың белгілері қандай?
3) Тәжірибе және есеп
Тәжірибе
Стақан, су, қағаз, сіріңке, тиын және тәрелке арқылы ауа қысымының әсерін бақылау.
Есеп
A нүктесінің теңіз деңгейінен биіктігі 1450 м. A нүктесіндегі атмосфералық қысымды табыңдар.
Нұсқау: биіктікке байланысты қысымның өзгеру ережесін қолданыңдар.