Заттың қимылын білдіретін сөздер ойла
Сабақ туралы мәлімет
Аймақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Мектеп
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Аяпова Дамегүл
Сабақ тақырыбы
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақтың контексі
Сабақ «Ұлыстың ұлы күні» — Наурыз мерекесімен байланыстырыла ұйымдастырылады. Наурыз — жыл басы, ал көктем — жаңару мен бірліктің символы.
Мақсаттар
А) Білімділік
- Сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді табуға және сұрақ қоюға дағдыландыру.
- Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
Ә) Тәрбиелік
Оқушыларға Ұлыстың ұлы күнін тойлауда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибесінен тағылым бере отырып, мереке туралы жан-жақты мәлімет ұсыну.
Б) Дамытушылық
Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа және шығармашылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Сызба арқылы жұмыс
- Талдау жұмыстар
Көрнекілік және байланыс
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: өмірмен байланыс.
Психологиялық ахуал
Шаттық шеңбері
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға-солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Қызығушылықты ояту
Балалар, егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды кезеңдердің бірі — Ұлы Отан соғысы жылдарымен сабақтас тарихымыз. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерлігі мен тылдағы табандылығы ешқашан ұмытылмайды.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына орай мерейтойлық іс-шаралар өткізіледі.
Сонымен қатар, егемен еліміз Наурыз айын көптеген мерекелермен қарсы алады. Наурыз — жыл басы.
Үй тапсырмасы
Сұрақтар мен тапсырмалар
- 1. «Наурыз — жыл басы» өлеңін жаттау.
- 2. Жыл аттарын жаттау: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
- 3. Биыл қай жыл? Қой жылы.
- 4. Сендер қай жылы туғансыңдар? 2007 — доңыз, 2008 — тышқан.
Миға шабуыл
Келесі кезеңде тақтадағы қызыл, жасыл және көк түсті дөңгелектердегі сандарды таңдаймыз. Әр санның артында жасырылған сұраққа жауап береміз.
1) Буынның ережесін айт.
2) Тасымал деген не?
3) Бір буынды сөздерге мысал келтір.
4) Заттың атын білдіретін сөздер ойла.
5) Заттың қимылын білдіретін сөздер ойла.
6) «Аға, ата, ұшқыш, аналар, апалар» сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
7) «Ұшқыштар» сөзін буынға бөл.
8) «Жауқазын» сөзін тасымалда.
9) «Дәптер, қалам, қоян, тоқылдақ» сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
Мағынаны тану
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын сызбамен жұмыс жүргізейік.
Сызба туралы сұрақ
Балалар, сызбамыз неге ұқсайды? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
Киіз үйге ұқсайды: шаңырақ, уық және кереге бейнеленген.