Бақбақ сөзіне тоқталу

Сабақ туралы

Тақырыбы

«Б б» дыбысы мен әрпі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Суретпен жұмыс

Көрнекіліктері

  • «Б б» әрпі
  • «Б» дыбысы бар суреттер
  • «Б» дыбысына арналған парақшалар

Сабақтың мақсаттары

Оқу мақсаттары

  • «Б б» дыбысы мен әрпін таныту.
  • Берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету.

Дамытушылық мақсаттар

  • Ой-өрісті кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорды байыту, жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсат

Достыққа, жолдастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

2) Өткенді пысықтау

Ойын: «Ойлан, тап»

Тақтада жеміс-жидектер бейнеленген жасырын суреттер ілулі тұрады. Оқушылар таңдаған жемістерін алу үшін артындағы сұрақтарға жауап береді.

  • «М» дыбысы қандай дыбыс?
  • «М» дыбысына сөз және сөйлем құрастыр.
  • Тамақтың түсіп кеткенін қалай айтасың?
  • Өткен сабақты қорытындылау.

Тапсырма: «Гүл дестесі»

Гүл дестелеріндегі буындардан сөз құрап айтып, гүлді құрастырамыз:

и-не и-ек ки-ік ки-ім ти-ын ти-ек жи-ек ти-ін ши-е

Жұмбақ арқылы жаңа сабаққа кіріспе

Сөз басында Б болса,

Бас киімің болады.

Сөз басында Ө болса,

Жазда пісіп, соламын.

Жауабы: бөрікөрік.

3) Жаңа сабақ

«Б»-ны білген:

Зердесіне тоқи біледі,

Зейінімен оқи біледі.

Заңды сыйлайды,

Заман жайлы ойлайды.

Талқылау сұрағы

Өлеңде қай дыбыс туралы айтылып тұр?

Сөзбен жұмыс

«Бақбақ» сөзіне тоқталу. «Б б» дыбысы бар сөздермен танысып, олардың мағынасын жеке-жеке түсіндіру.

Дыбыстық ерекшелік

«Б» — дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі. Оқушылар «б» дыбысы бар сөздерге мысал келтіреді.

4) Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

5) Оқулықпен жұмыс

Тізбектей оқу

«Бақбақ» мәтінімен танысу, мәтін бойынша қысқаша мағлұмат беру.

Сұрақ-жауап

  • Бақбақ қайда өседі?
  • Бақбақтың сабағы қандай болады?
  • Бақа қандай? Ол қандай жерде мекендейді?

Қорытынды түсінік

«Б б» дыбысы сөздің басында, ортасында және аяғында кездеседі.

Жазылым

  • Ауада «Б б» әрпін жазып жаттығу.
  • Дәптерде «Б б» әрпін көркем жазу.

6) Өз бетімен жұмыс

Көру диктанты

Оқулықтағы 62-беттегі сөздерді дәптерге көшіріп жазу.

7) Сабақты қорытындылау

Ойын: «Кім шапшаң?»

Сұрақтарға жауап беру арқылы гүлдің суретін құрастырамыз. Сурет бойынша сөздер құрау.

8) Мадақтау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

9) Бағалау

Оқушылардың жұмысына қорытынды баға беру.