Біріккен сөзді жазып, түбірлерін ажырату
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға, сауатты жазуға, тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлауға, дербес жұмыс істеуге және алған білімді кеңейтуге үйрету.
Дамытушылық
Ойлау мен есте сақтау қабілетін, оқу ынтасын арттыру; тілін дамыту арқылы білім сапасын көтеру.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, бағалау
- Жаттығу жұмыстарын тексеру.
- Өтілген материалды пысықтау.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту: ребус шешу
Ребус
Бір + ік + кен + с + өз + дер
Біріккен сөздер
Мысал
Тасбақа = тас + бақа
Мысал
Түйеқұс = түйе + құс
Ақбөкен = ақ + бөкен
Тақтадағы сөздердің мағынасын талқылау арқылы оқушылар біріккен сөздің жасалу жолын өздері қорытындылап, ережеге келеді.
226-жаттығу
Сөздерді оқып, сөз құрамына талдаңыздар: неше түбірден құралғанын анықтаңыздар. Жаттығу ауызша орындалады.
- Айнабұлақ
- Ботагөз
- Итмұрын
- Талдықорған
- Алакөл
- Есдәулет
- Қосаяқ
- Ақбөкен
227-жаттығу
Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табыңыздар.
Үлгі
Қосқұдық, Қаражол, Ақтеңіз, Көкжиек, Айдос, Аққу, Біржан, Әлдеқалай.
Ескерту: әлдеқалай сөзі де біріккен сөзге жатады. Бұл тақырып жоғары сыныптарда кеңірек қарастырылады.
Аққу туралы қысқаша мәлімет
Аққу — әдемі, киелі, үні сұңқылдаған сұлу құс. Оны атуға болмайды. Оқушылардан аққу туралы білетіндерін сұрап, әңгіме жүргізіледі.
228-жаттығу
Өлеңді көркем, сауатты көшіріп жазыңыздар. Біріккен сөздердің астын сызыңыздар.
Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан,
Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті
Бурабай, Баянауыл бастарынан.
IV. Сергіту сәті
«Сен-маға, мен-саға!» ойыны арқылы қысқа сергіту ұйымдастырылады.
229-жаттығу
Тақтамен жұмыс: мәтіннен аң, құс, жәндік және балық атауларын теріп жазыңыздар. Біріккен сөздерді бөліп көрсетіп, түбірлерін ажыратыңыздар.
230-жаттығу: сөздік диктант
Мақсат: оқушыларды қатесіз, жатқа жазуға дағдыландыру.
- Көкжиек
- Бұзаубас
- Ақсақал
- Алтыбақан
- Жетіқарақшы
V. Қорытындылау
«Кім шапшаң?» ойыны
Әр қатарға бірдей тапсырма беріледі. Оқушылар екі түбірден құралған біріккен сөздерді жазып, олардың мағынасын түсіндіреді.
I қатар
Адам аттары
II қатар
Жер-су аттары
III қатар
Аң-құс аттары
Терме диктант
Мұғалім мәтіннен үзінді оқиды. Оқушылар мәтіндегі біріккен сөздердің санын белгілер арқылы көрсетеді, кейін бір оқушы жауап береді.
Дәулеткерей қазақ музыка тарихында күйшілік өнерімен елге кең тараған. Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас есімдерімен қатар аталады.
Соңында ереже сыныппен бірге хормен қайталанады.
VI. Үй тапсырмасы
- 1 231-жаттығу: сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тауып, көшіріп жазу.
- 2 Ә. Қастеевке арнап бес жолды өлең құрастыру.
Ә. Қастеев туралы
Әбілхан Қастеев — атақты суретші. Ол Амангелдінің портретін ерекше шеберлікпен дәл салып, көпшілікті таңғалдырған. ЮНЕСКО шеңберінде суретшінің 100 жылдық мерейтойы атап өтілген.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.