Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру
Шымкент қаласы, №55 жалпы орта мектебі
Бейнелеу өнері, сызу, технология пәні мұғалімі: Назаров Батырхан Досболович
Сабақтың тақырыбы
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Мақсаты
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру, музыкалық аспаптар туралы толық мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен танысады және аспаптар туралы толық мәлімет алады.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Диалог
- Топтық жұмыс
- Жеке жұмыс
- «Температура өлшеу»
- Деңгейлік тапсырма
- «Бағдаршам»
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
I. Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: әр топ бір-біріне тілек айтады.
- Сабақта кездесетін бұйым атаулары арқылы топқа бөлу: Домбыра, Қобыз, Сырнай.
- Топтық жұмыс ережесін түсіндіру: тапсырмадан ауытқымау, тәртіп сақтау.
- Топ басшыларын бекітіп, міндеттерімен таныстыру.
Өткен сабақты қайталау (пысықтау)
- Күбі қандай бұйым?
- Күбіні не үшін пайдаланамыз?
- Күбіні қандай ағаштан жасайды?
- Күбіде қандай малдың өнімін өңдейді? Өнімдерді атап шық.
- Күбіні тауда өсетін ағаштан жасаған. Ол қандай ағаш?
- Күбіні қай заманнан бастап пайдаланған?
Үй тапсырмасына кіріспе сұрақ
Музыкалық аспаптардың құрылысы мен ерекшеліктері туралы қандай мәлімет білесіңдер?
II. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты меңгеру
- Таныстырылым: жаңа тақырыпты оқып, мазмұнын талқылау.
- Интерактивті тақта арқылы музыкалық аспаптардың құрылысы мен ерекшеліктері туралы слайдтарды көрсету.
Топтық жұмыс тапсырмасы
Музыкалық аспаптардың құрылымы мен ерекшеліктері бойынша мүмкіндігінше толық мәлімет жинап, жазып, түсіндірме беріңдер.
- Оқушылар дереккөздермен жұмыс істеуде еркіндік алады.
- Мұғалім топтарды аралап, бағыт-бағдар беріп, бақылау жүргізеді.
- Топтардың орындаған жұмысы мен шағын презентациясы тыңдалады.
III. Қорытынды бөлім
Деңгейлік тапсырмалар
Оқушыларға деңгейлік сұрақтары бар парақшалар таратылады.
А деңгейі
Негізгі- Домбыра ішегін қандай малдың ішегінен жасаған?
- Ішекті қалай өңдейді?
- Қобыз қандай музыкалық аспап?
В деңгейі
Орта- Домбыраның қанша түрі бар?
- Ағаштан жасалатын музыкалық аспаптарды атап шық.
- Қобыздың ішегін қандай малдан алады?
С деңгейі
Күрделі- Қобызды қандай ағаштан жасайды?
- Сазсырнай қандай аспап және оны неден жасайды?
- Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің?
Бағалау тәсілдері
- «Бағдаршам» арқылы жедел кері байланыс
- «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалау
Нақтылау
Әр тапсырма соңында қысқа диалог жүргізіліп, жауаптардың дәлелділігі мен толықтығы талқыланады.