Қоянның тапсырмасы. Сабақтың тақырыбы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Ертегілер елінде

Сабақтың түрі

Қойылым сабақ

Мақсаты

  • Оқушыларға ауыз әдебиетінің бір саласы — ертегілер туралы түсінік беру.
  • Ертегілер арқылы өмірге дұрыс көзқарас қалыптастырып, ой-өрісін және сөйлеу тілін дамыту.
  • Сурет мазмұнын түсінуге үйрету, қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
  • Жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Суреттер, слайд.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, қойылымға дайындық жүргізу.

Ертегі желісі

Ерте-ерте, ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың балалары да, мал-мүлкі де жоқ, өте кедей екен. Бар болғаны екі-ақ қазысы болыпты. Қыс өтіп, көктем шыққанда қаздар жұмыртқа басады. Күндер өтіп, ай толғанда жұмыртқадан балапандар шығыпты. Шал мен кемпір балапандарын кезектесіп бағып жүреді.

Ауыл сыртында жүрген балапандарды өзге қаздар жатсынғандай болып, қуалай бастайды. Балапандар қаша жөнелгенде, алдарынан қоян шыға келеді. Қоянды көрген балапандар қатты шошып, бір сәт тоқтап қалып, кейін қайтадан қаша жөнеледі.

Қоян

— Тоқтаңдар! Қарным ашты, сендерді жеймін.

Қоян олардың неден қашып келе жатқанын білмей, өзі де қорқып, бірге жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып, балапандар әндетіп жауап береді.

Балапандардың әні

— Жоқ, қоянжан! Біз саған өлең айтып береміз.

Біз балапан, балапан,
Серуен құрып, жүгірген.
Ата менен әжені
Қайдан іздеп табамыз?

Осы кезде есік алдынан көрінбей кеткен балапандарын іздеп шыққан шал жолда үлкен ата қазға кездеседі. Ата қаз балапандарын жоқтап, шырылдайды.

Ата қаз

— Шөжелерім, балапаным, балаларым қайдасыңдар? Үйде қалған ата мен әжеңе не бетімді айтамын?

Шал алға жүріп, балаларға жолығады да көмек сұрайды. Бірақ қоян шарт қояды: көмектескілері келсе, алдымен тапсырмаларды орындауы керек.

Қоянның тапсырмасы (Ана тілі)

Балалар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Пингвин қандай құс?
  2. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
  3. Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар.
  4. Кәрім неге намыстанды?
  5. Тиін қандай аң?
  6. Кітап неге ескірмейді?
  7. Тропикалық жерлерде өсетін қара ағаш қалай аталады?
  8. «Ата насихаты» тақырыбының негізгі идеясы қандай?

Қоян тапсырманың жақсы орындалғанын айтады, бірақ өзі бәрінен қорқатынын және балапандардың екеуін ғана босататынын жеткізеді. Екі балапан балаларға қарай жүгіріп келеді де, оларды ертіп үйге жеткізеді. Шал қуанады, ал кемпір қалғандарын уайымдап жылайды.

Жыланның тапсырмасы (Математика)

Кемпір балалардан тағы да көмек сұрайды. Жолда жылан кездесіп, қорықпауларын өтінеді. Ол балапандардың қайда екенін көргенін айтады, бірақ арыстан берген есептердің жауабын жазуға көмектесуді сұрайды.

3 + 5 = ____
5 + 5 = ____
5 + 0 = ____
5 + 2 = ____
10 − 4 = ____
9 − 8 = ____
10 − 8 = ____
6 + 4 = ____
3 − 3 = ____
8 − 4 = ____
10 − 9 = ____
8 − 6 = ____

Балалар көмектескен соң, жылан ризашылығын білдіреді. Дегенмен ол да тек екі балапанды ғана таба алғанын айтады. Екі балапан балаларға қарай жүгіріп келеді, ал балалар оларды үйге жеткізеді. Шал мен кемпір қуанады, бірақ әлі де екі балапан жоқ.

Түлкінің тапсырмасы (Дүниетану)

Балалар соңғы екі балапанды іздеп жолға шығады. Алдарынан түлкі кездеседі. Балалар түлкіден орманды көп аралайтынын айтып, адасып жүрген балапандарды көріп-көрмегенін сұрайды. Түлкі көргенін мойындайды, бірақ дүниетану сұрақтарына жауап берсе ғана көмектесетінін айтады.

  1. Табиғат нешеге бөлінеді?
  2. Тірі табиғатқа не жатады?
  3. Иіс сезу мүшесіне не жатады?
  4. Қыс айларын атаңдар.
  5. Қысқа аңдар қалай дайындалады?
  6. Өсімдіктердің неше тобы бар?
  7. Адамға қажетті 5 нәрсені атаңдар.
  8. Қысы-жазы бір түсте болатын өсімдіктің атын атаңдар.

Балалар сұрақтарға толық жауап берген соң, түлкі қалған екі балапанды да береді. Балалардың қуанышы артып, олар шал мен кемпірге барлық балапанды аман-есен әкеліп табыстайды.

Қорытынды және өнер көрсету

Шал мен кемпір жоғалған балапандары түгел табылғанына қатты қуанады. Кемпір уәдесінде тұрып, балалардың көңілін көтеріп ән айтады.

Ән

«Балапан»

Шал мен кемпірдің алғысы

Қ. И. Сәтбаев мектебінің бастауыш сынып оқушыларына алғыс айта отырып, болашақта сабақтарыңды тек «5» деген бағаға оқып, еліміздің білім биігіне шығатын азамат, азаматша болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.

Би

«Шөжелер»

Сонымен, құрметті қонақтар, бүгінгі «Ертегілер еліндегі» саяхатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз. Сау болыңыздар!

Рөлдер мен қатысушылар

Балапандар

  • 1) Диана
  • 2) Мадина Е.
  • 3) Аяулым
  • 4) Әлия

Кейіпкерлер

  • Шал: Орынбасар
  • Кемпір: Кәмила
  • Түлкі: Гүлнәз
  • Жылан: Арсен У.
  • Қоян: Арсен А.

Автор

Мадина Ө.