Ақын апамыздың туған жеріне оралуы

Кешке қош келдіңіздер!

Құрметті әріптестер, оқушылар және кеш қонақтары! Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай ұйымдастырылған «Тіл – ұлт мерейі» фестивалі аясында, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойына арналған аудандық «Жайығым деп сыр ашып, жырдан төккен кестесін» атты байқауына қош келдіңіздер!

Бүгінгі әдеби кештің мақсаты — ақынның патриоттық шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, туған жерді, елді, тілді қастерлеу рухын күшейту.

Байқау ережесі

Байқау 5–10 сынып оқушылары арасында өткізіледі және 2 кезеңнен тұрады:

  1. 1 Мәнерлеп оқу: ақын өлеңдерін жатқа оқу.
  2. 2 Білім кезеңі: «Ақын шығармашылығын кім көп біледі?» сұрақтарына жауап беру.

Әділқазылар алқасы

  • 1) ______________________________
  • 2) ______________________________

Ақын туралы қысқаша дерек

«Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған, қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткен талантты лирик ақын Ақұштап Бақтыгереева — ел, жер, ұлт, тіл мәселесін терең толғаған көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері.

Бабалардың рухынан нәр алған,
Көкірегі өлең-жырдан жаралған.
Ел, жер, ұлт, тіл мәселесін көтеріп,
Шапағаты шуақ болып таралған.

Ақын 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауылында (қазіргі Теректі ауданы) дүниеге келген. 1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті тәмамдаған.

Мен жайлы келер ұрпақ не білесің?
Тарихқа таңданатын көрінесің.
Мені іздесең ғарышқа алғаш ұшқан,
Ізде Совет қызының шежіресін.

1961–1966 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.

Еңбек жолы

Ақұштап Бақтыгереева еңбек жолын Орал өңіріндегі облыстық газеттен бастаған.

1966–1971

Талдықорған облыстық «Октябрь туы» және республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер.

1971–1972

«Қазақфильм» киностудиясында редактор.

1972–1975

«Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер.

1975–1981

«Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор.

Үлесім — өнер-білім. Табысым — өлең-жырым. Ақын шығармашылығы — ұлт рухын асқақтататын, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін өнегелі мұра.

Лирика өзегі: аруларға арналған жыр

Өссе — елдің көркі деген гүл деген
Қызды кейде тең көрмеген ұлменен.
Ұлдары ер жеткенде бәрібір
Қыздан бақыт іздейтінін білмеген.

Ақын жырларының бір арнасы — бойжеткен қыздарға, аяулы аруларға арналған. Ол өсиет айтып қана қоймай, сырласып, өмірлік бағыт-бағдар береді.

Сендер деймін — даланың ақ самалы,
Мен сендерге адал сыр ақтарамын.

Музыкалық нөмір

«Сіңліме» өлеңі (тыңдату).

Арнаулар мен пікірлер

Ақынның ізін қуған жас қаламгерлер мен қаламдас замандастары Ақұштап ақынға жүрекжарды жырларын арнап, шығармашылығына ілтипат білдірген.

Өзіңдей болу өзгелер үшін ұлы арман,
Ажарың Ақ Жайықтың ақтығындай.
Мәртебең көтерілді бақ туындай,
Көзіне байтақ елдің көрінесің —
Қазақтың өлеңінің аққуындай.

Талант особый — быть, а не казаться,
И жизнь прожить душой не обветшов.
Ты почитай стихи мне по-казахски,
И я откликнусь сердцем, Акуштап.

— Ақын Татьяна Кузовлева

Ақынның өмірлік ұстанымы да айқын:

Мәртебемді демеймін биік етем,
Өмір сүру демеймін күйік екен.
Мен өзімше жырлаймын дәуірімді,
Мен өзімше жерімді сүйіп өтем.

Құмар емеспін ерекше атануға,
Қажет емес даңқың да, атағың да.
Маған бақыт — тірлікте орным болса,
Қарапайым адамдар қатарында.

Байқау барысы

I кезең: Мәнерлеп оқу

Ақын өлеңдерін жатқа оқу.

Қатысушы:

Оқушының аты-жөні: ______________________________

Өлең деген — құдірет қой шынында,
Талант керек кейде оны ұғуға.
Ұлағат та, тіршіліктің сыры да —
Үңілсеңіз жатыр баба жырында.
Жатар жырда — қасіреті халықтың,
Дастаны да ел қорғаған алыптың.
Жыр айтады — баянсызын дәулеттің,
Жыр айтады — ауыр тасын даңқтың.

Ақынның басты мұраты — жүректерге имандылық ұялату, ұлт құндылықтарын ұлықтау.

Музыкалық үзіліс

«Қазақстаным» әні — №6 ЖОББМ, 5-сынып оқушысы Кусаинов Диас.

II кезең: Білім сайысы

«Ақын шығармашылығын кім көп біледі?» сұрақтарына жауап беру.

Күй нөмірі

Құрманғазының «Адай» күйі — Хабдихамитов Асхат орындауында.

Марапаттау және қорытынды

Әділқазылар шешімі шығарылып, қатысушылар марапатталғаннан кейін қорытынды ән орындалады.

Арнайы қонақтар

Осы кешке Орал қаласынан арнайы шақырылған Bатыс Star тобы: Орынбор қаласында өткен халықаралық Н.А. Николаевский байқауының Гран-при иегерлері, Атырау қаласында өткен халықаралық Ілия Жақанов фестивалінің II орын иегерлері.

Жетекшісі: Қуаныш Кисметов.

«Ақұштапқа арналған гимн» әні
Сөзі: Мұнайдар Балмолда
Әні: Қуаныш Кисметов

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен жыр кешіміз аяқталды.