Ауыл балаларын оқытқан мұғалімнің аты - жөні кім
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мектеп
Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурмашова Гулнара
Тақырып
Сайын Мұратбеков, «Жусан иісі»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шығарманың мазмұнын талдап, идеясын ашу.
- Жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту.
- Кейіпкерлерге талдау жасау.
Дамытушылық
- Топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру.
- Шығармадан қажетті үзінділерді таңдай білу.
- Ой түйінін нақты әрі жүйелі айтуға үйрету.
Тәрбиелік
- Ұжымдасып, өзара көмек көрсете білуге баулу.
- Өзара сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Елжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Топтық сабақ
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу, сабақ мақсатымен таныстыру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2) Өткен тақырыпқа шолу
-
Поэзиялық шығарма дегеніміз не?
-
Қ. Мырзалиевтің «Кәрі қыран» шығармасында кәрі қыран қалай суреттеледі?
-
«Кәрі қыран» шығармасын баллада жанрына жатқызуға бола ма?
Жаңа тақырып: «Жусан иісі»
Әңгіменің тақырыбы
«Жусан иісі»
Идеясы
Ауыл балаларының мінез-құлқын, көңіл күйін және тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттеу.
Интерактивті тапсырмалар (сұрақ-жауап)
Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақ нөмірлерін таңдап, тапсырмаларға жауап береді.
«Алыста қалған балалық шағым». Бұл әңгіменің қай бөлімі?
Жауап: әңгіменің кіріспе бөлігі.
Алғашқы кездегі Аян қандай кейіпте суреттеледі?
Жауап: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бала.
«Кекілің қара, ей, өзіңнің жаман халіңе қарамай…» деп қағытқан кім?
Жауап: Есікбай.
«Менің көкем де жоқ, апам да жоқ. Сондықтан төбелессем, әжем ұрсады ғой». Мұнда кім туралы айтылады?
Жауап: әжесі туралы.
Ауыл балаларын оқытқан мұғалімнің аты-жөні кім?
Жауап: Иманжанов.
Шығармашылық тапсырма
Аянның бейнесін суреттеп, оның портретін салыңыз.
Нұсқау: сыртқы келбеті, киімі, мінезін ашатын детальдарды (кекіл шашы, тазалығы, байсалдылығы) ерекше белгілеңіз.
Бейнематериалмен жұмыс
Интерактивті тақтадан соғыс кезіндегі және қазіргі кезеңдегі жетім балалар туралы суреттер мен бейнебаян көрсетіледі.
- Аян не себепті жетім қалды деп ойлайсың?
- Қазіргі уақытта балалар неліктен жетім қалады? Оған кім жауапты?
Авторлық баяндау және ойталқы
Осы оқиғаны бізге жеткізуші кім?
Жауап: автор — Сайын Мұратбеков.
Әңгіме аяқталғаннан кейін ойға қалдыратын сұрақ көп: соғыстан соң Аян қайда болды, тірі қалды ма? Авторлық пайым бойынша, мұндай қайсар бала өмірден өз орнын табады. Егер тірі болса, «Жусанды төбе» жаққа бір оралмауы мүмкін бе? Жусанның иісін сағынбауы ықтимал емес.
Тапсырма
Әңгімені өз ойыңша жалғастырып жаз: Аян соғыстан кейін қайда болды деп ойлайсың?
Прототип және дерек
Аянның прототипі — Науқан Керімов. Соғыстан кейін Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында тұрған. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.
Неліктен «Жусан иісі»?
«Жусан» — дала шөбі. Оның иісі көптеген адам үшін туған жермен, балалық шақпен, сағынышпен астасады.
Тапсырма: әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебін өз ойыңмен түсіндір.
Музыка арқылы сезіну
Жеңіс Ысқақованың орындауындағы ән тыңдатылады.
Иіс арқылы әсер
Жусан шөбі әкелініп, иісін сезіну арқылы оқушылардың әсері мен көңіл күйі талданады.
Рефлексия сұрақтары
- Қазір қандай күйде отырсыңдар?
- Нені сезіндіңдер?
- Жусан иісі сендерге нені еске түсірді?
Қорытынды бөлім
Сабақ соңындағы ауызша жұмыс
Аян айтатын ертегінің бастауын негізге алып, жалғастырып көрейік:
«Баяғыда бір жетім бала болыпты…»
Оқушылар осы сөйлемнен бастап қысқа оқиға құрап, ойды жүйелі жеткізеді.
Үй жұмысы
«Баяғыда бір жетім бала болыпты…» тақырыбында қысқа ертегі құрастырып келу.