Слайдтың фонын қою

Сабақ тақырыбы: Көрме құру

Сабақтың мақсаты

  • Көрме (презентация) құру тәсілдерін үйрету.
  • PowerPoint бағдарламасы бойынша біліктілікті дамыту.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру және ынтаны тәрбиелеу.

Қолданылатын құрылғылар мен бағдарламалар

Құрылғылар

  • Компьютер
  • Проектор
  • Интерактивті тақта
  • Activote құралы

Бағдарламалар

  • Microsoft PowerPoint
  • Activstudio Professional Edition V3

Сабақ жоспары

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру
  4. 4 Өздік жұмыс
  5. 5 Сабақты қорытындылау (тест)
  6. 6 Бағалау
  7. 7 Үй тапсырмасы

І кезең: Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушылар құрал-жабдықтарын дайындап, үй тапсырмасын қайталайды.

ІІ кезең: Үй тапсырмасын тексеру және негізгі ұғымдар

Негізгі сұрақтар

PowerPoint бағдарламасы не үшін керек?
Көрмелерді жоспарлауға, құруға және ақпаратты көрнекі түрде ұсынуға арналған бағдарлама.
Көрме дегеніміз не?
Белгілі бір тақырып бойынша слайдтар жиынтығының реттелген тізбегі.
Слайд дегеніміз не?
Көрменің бір бөлігі: тақырып, мәтін, кесте, схема және басқа объектілер орналасатын жұмыс аймағы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу

Блок-схема (қадамдар тізбегі):

Бастау Бағдарламалар MS Office MS PowerPoint

PowerPoint терезесінің негізгі элементтері

  • 1. Тақырып жолағы
  • 2. Мәзір жолағы
  • 3. Стандартты құралдар тақтасы
  • 4. Пішімдеу құралдар тақтасы
  • 5. Слайд құрылымы
  • 6. Көру режимдері
  • 7. Тапсырмалар аймағы
  • 8. Жұмыс алаңы

Сәйкестендіру: мәзірлер мен әмірлер

Мәзір Әмір
Файл Баспаға жіберу
Өңдеу Слайдты өшіру
Көрініс Сызғыш
Кірістіру Кесте
Пішім Фон
Слайд көрсету Слайдты жасыру

ІІІ кезең: Жаңа сабақ — көрме құру қағидалары

Көрме құруда есте сақтайтын маңызды қағидалар

  • Мақсат пен мазмұнды алдын ала жоспарлау.
  • Әр слайдтың мазмұны нақты әрі есте сақталатындай болуы.
  • Ақпарат қарапайым, қысқа және мазмұнды берілуі.
  • Объектілер фоннан түстер арқылы айқын ажырап тұруы.
  • Безендіруде үйлесімді түстерді таңдау.
  • Назарды аударту үшін анимация, өтулер және дыбысты орынды қолдану.

Көрме құрудың 4 әдісі

1) Жаңа көрме

Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.

2) Безендіру қалыбынан

  • Өң (фон) түсі
  • Тақырыптың түсі мен өлшемі
  • Негізгі мәтіннің түсі мен өлшемі
  • Өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және басқа элементтер

3) Сақталған көрмеден

Бұрын сақталған көрмені ашып, мәтіндер мен мазмұнын өңдеу арқылы.

4) Өздік мазмұн арқылы

Сұхбат терезесі (wizard) көмегімен құрылады.

Бүгінгі тәжірибе: «Жаңа көрме» әдісі

  1. 1 PowerPoint іске қосылғаннан кейін «Создать презентацию» әмірін таңдаңыз.
  2. 2 «Новая презентация» нұсқасын таңдаңыз.
  3. 3 Ұсынылған макеттерден «Пустой слайд» макетін таңдаңыз.

Слайд фонын орнату

Фон қою үшін «Формат» мәзірінен «Фон» әмірін орындаңыз. Ашылған терезеден «Басқа түс» немесе «Құю тәсілі» (Способы заливки) таңдалады.

Құю тәсілінің түрлері

  • Градиент — бір түстен екінші түске біртіндеп өту.
  • Текстура — материал беттерінің үлгісі.
  • Узор — компьютерлік өрнектер.
  • Рисунок — дайын сурет немесе фотобейне қою.

Фонды қолдану үшін «Применить» батырмасын басыңыз (тек ағымдағы слайдқа). Барлық слайдқа қолдану қажет болса, «Применить ко всем» батырмасын таңдаңыз.

Жаңа слайд және объектілерді кірістіру

Жаңа слайд құру

«Вставка» мәзірі немесе пішімдеу құралдар тақтасындағы «Создать слайд» әмірі.

Объект енгізу

«Вставка» → «Объект».

Мәтін енгізу

«Вставка» немесе сурет құралдар тақтасындағы «Надпись» арқылы. Курсорды қойып, пернетақтамен теріңіз.

Кесте енгізу

«Вставка» → «Таблица». Баған мен жол санын енгізіп, кестені толтырыңыз.

Схема, фигура, диаграмма және навигация

Схема салу (фигуралар)

Сурет құралдар тақтасынан «Өз кескіндер» (AutoShapes) таңдап, слайдқа орналастырыңыз.

Фигураға мәтін енгізу: фигураны белгілеп, оң жақ батырма → «Добавить текст».

Диаграмма қою

«Вставка» немесе стандартты құралдар тақтасы → «Диаграмма».

Ашылған кестедегі үлгі деректерін өшіріп, өз мәліметтеріңізді енгізіңіз. Диаграмма элементтерін жеке өңдеуге болады.

Слайдтар арасында бағыттау (басқару батырмалары)

Белгілі бір слайдқа өту қажет болса: «Показ слайдов»«Управляющие кнопки». Батырманы қойған кезде «Настройка действия» терезесі ашылады: «Перейти по гиперссылке» тармағын таңдап, тізімнен қажетті слайдты белгілеңіз.

IV кезең: Өздік жұмыс

  1. 1 Төрт слайд жасаңыз.
  2. 2 Әр слайдқа әртүрлі фон орнатыңыз:
    • 1-слайд: Градиент
    • 2-слайд: Текстура
    • 3-слайд: Узор
    • 4-слайд: Рисунок
  3. 3 Әр слайдқа әртүрлі объект енгізіңіз:

    1-слайд

    Фигуралар арқылы схема салыңыз.

    2-слайд

    WordArt арқылы мәтін және сурет енгізіңіз.

    3-слайд

    4 баған, 3 жол кесте құрып, толтырыңыз: Аты-жөні, Туған жылы, Сыныбы (қалған баған — қосымша дерек).

    4-слайд

    Диаграмма құрыңыз: сыныптың үлгерімі мен сапасы.

V кезең: Қорытынды тест

1) PowerPoint бағдарламасы не үшін керек?

  • а) Сурет салу үшін
  • ә) Кино көру үшін
  • б) Көрме көрсету үшін
  • в) Мәтін жазу үшін

2) Слайд дегеніміз не?

  • а) Фото
  • ә) Пленка
  • б) Негатив
  • в) Кадр

3) Слайдтарды қараудың неше тәсілі бар?

  • а) 2 әдіс
  • ә) 4 әдіс
  • б) 5 әдіс
  • в) 3 әдіс

4) Слайдтың фонын қою қай мәзір арқылы орындалады?

  • а) Вставка – фон
  • ә) Настройка – фон
  • б) Формат – фон
  • в) Сервис – фон

5) Фонда «құю тәсілінің» неше түрі бар?

  • а) 2 түр
  • ә) 6 түр
  • б) 4 түр
  • в) 5 түр

6) PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтімі:

  • а) exe
  • ә) ppt
  • б) pdf
  • в) txt

7) Слайдты жасыру үшін қай мәзір қолданылады?

  • а) Правка
  • ә) Показ слайдов
  • б) Вставка
  • в) Сервис

VI–VII кезеңдер: Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Өздік жұмыс нәтижесі және тест қорытындысы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

Көрме құру тақырыбын қайталау және PowerPoint-та шағын (4–6 слайд) көрме дайындау.