Әже сіз неге көңілсіз тұрсыз
Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Негізгі мәліметтер
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Тіл дамыту
- Тақырыбы
- Үй жануарлары және төлдері
Мақсаты
- Балаларды үй жануарларымен таныстыру.
- Жануарлардың дауысы жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы төлдерін дұрыс атап, «Бұл ненің төлі?» сұрағына жауап беруге үйрету.
- Жануарларға қамқорлық жасаудың маңызын түсіндіру.
Қолданылатын көрнекі құралдар
-
Суреттер
Үй жануарлары бейнеленген суреттер
-
Ойыншықтар
Сиыр, ат, қой, бота
-
Қосымша құрал
Сиқырлы қалам
Сөздік жұмыс
Сабақтың барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді:
Жарқын-жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Жайнап тұрған гүліміз,
Қош келдіңіз бәріңіз!
Сұрақ-жауап
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Жыл неше айдан тұрады?
- Ай аттарын атап шығайық.
2) Ғажайып сәт
Есік қағылып, көңілсіз әжей кіреді. Ол балалармен амандасады:
Әжей
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалардың сұрағы
Әже, сіз неге көңілсізсіз?
Әжейдің жауабы
Ой, балалар… Мен дүкенге барып келгенше, үй жануарларым ауладан шығып кетіпті.
Тәрбиеші балаларды әжейді жұбатуға шақырады: «Әжей, мұңаймаңыз. Біз сізге көмектесеміз!»
Балаларға сұрақ қойылады: «Әжеге жануарларын тауып алуға көмектесеміз бе?»
Автор туралы мәлімет
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі — Дощимова Жемісхан Қаратонқызы.
Материал
«Үй жануарлары және төлдері»