Елтаңбаның авторлары кімдер
Оқытушы: Тойлыбаева Ғалия
«Елім менің» — сыныптан тыс танымдық іс-шара
Армысыздар, құрметті ойынға қатысушы студенттер мен ұстаздар!
Түрлі сұрақ пен жұмбақтан құралған жүйелі ойын — ой-өрісті дамытудың бір жолы. Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты — «Елім», «Отаным» деген қасиетті ұғымдарды терең ұғындырумен қатар, тәуелсіз елдің тарихын, тамыры терең бай мәдениетін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Колледждің 70 жылдық мерейтойына орай, Мәдениеттану пәнінен ұйымдастырылып отырған «Елім менің» танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Қатысушы командалар
«Дарын» тобы
431 топ студенттері
«Достық» тобы
433 топ студенттері
Ендігі кезекті командаларымыздың өздерін таныстыруына береміз.
Әділқазылар алқасы
Үмбетей Тілеуұлы: «Жылға сай батпақ болса — өте алмассың, жастан шыққан жүйрікке — жете алмассың» деген екен. Олай болса, бүгінгі ойынымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазды айқындайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:
-
Сәуле Қыдыралықызы Абықанова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-
Меруерт Боранбайқызы Балтабаева
Колледж әдіскері
-
Серік Әнуарбекұлы Оспанов
Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі
-
Елдос Жұманұлы Қанапиев
Радиоэлектроника және байланыс бөлімінің меңгерушісі
Ойынның шарттары
-
1-айналым: Сұрақ–жауап
Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.
-
2-айналым: Аңдап айтып, анық сөйлеу
Қатысушылар берілген терминді дұрыс дыбыстап айтып, мағынасын түсіндіреді.
-
3-айналым: Тарихи тұлғалар
Топ жетекшісімен бірлесіп, берілген тарихи тұлғаны өз командасына түсінікті әрі нақты жеткізу қажет.
-
4-айналым: «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
Қойылған сұрақтардың дұрыстығын анықтау.
-
5-айналым: Әріптер қозғалысы
Әр студентке екі әріп беріледі. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын құрастырады.
-
6-айналым: «Тарихты білеміз бе?»
Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1-айналым сұрақтары (Сұрақ–жауап)
Бағалануы: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-сұрақ
Адамзат баласының бойындағы екі байлық:
Рухани және материалдық.
2-сұрақ
Әлемдегі екінші ұстаз:
Әл-Фараби.
3-сұрақ
Орта Азия сәулет өнерінің ішінде теңдесі жоқ қазақ кесенесі:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
4-сұрақ
Елтаңбаның авторлары:
Шота Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
5-сұрақ
Биіктігі 97 метр, 3 бөліктен тұрады: 1) жер асты, 2) діңгегі, 3) алып шар. Бұл қандай нысан?
Бәйтерек.
6-сұрақ
Ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. «Дауа кітабының» авторы:
Әбу Әли ибн Сина.
7-сұрақ
Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы — Қожа Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынған?
Әмір Темірдің бұйрығымен.