Ұйымдастыру сәті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Сарысай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Умарова Гүлнар Темиргалиевна
Пәні: Дүниетану · Сыныбы: 3-сынып
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Бұл сабақта оқушылар өсімдіктердің алуан түрлілігімен танысып, олардың тіршілік етуіне әсер ететін негізгі жағдайларды: жылу, суық және жарық қажеттілігін түсінеді. Сонымен қатар өсімдікке тірі ағза ретінде қарап, оны дұрыс күту мен қамқорлық көрсету дағдылары қалыптастырылады.
Сабақтың мақсаты
- Өсімдіктердің түрлілігі туралы түсінік беру, өсімдік тіршілігімен таныстыру.
- Сөздік қорды байытып, дүниетанымды кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
- Өсімдіктерге қамқорлық жасауға, дұрыс күтуге тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Түрі/типі:
- Жаңа білімді игеру (дәстүрлі сабақ)
- Әдіс-тәсілдер:
- Сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, практикалық, баяндау
- Көрнекіліктер:
- Өсімдіктер суреттері, оқулық, кесте, топтастыру
Сабақ барысы
1) Білімді тексеру (өткенді қайталау)
- 1 Біз бұрын қандай өсімдіктер туралы өттік?
- 2 Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
- 3 Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері қандай?
- 4 Оларды ата және қай жерлерде өсетінін айт.
2) Оқу мақсатын қою
Бүгін біз жылу сүйгіш, суыққа төзімді және жарық сүйгіш өсімдіктер туралы оқып-білеміз. Олардың тіршілігіне қандай жағдайлар қажет екенін анықтаймыз.
3) Жаңа сабаққа дайындық (ой қозғау)
- Өсімдікке жылу не үшін қажет?
- «Суыққа төзімді» дегенді қалай түсінесің?
- Өсімдікке жарық не үшін қажет?
Оқушылардың жауаптары негізінде ойды жинақтап, топтастыру жасалады.
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жылу сүйгіш өсімдіктер
Жылуы мол, ыстық өңірлерде жақсы өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы көбіне сәуір айында егіледі. Ерте ексе, салқынға шыдамай үсіп кетуі мүмкін. Мұндай дақылдар негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.
- мақта
- асқабақ
- күріш
- жүгері
- қияр
- үрмебұршақ
Суыққа төзімді өсімдіктер
Кейбір өсімдіктер көктемнің алғашқы салқынына төзімді келеді. Оларды ерте көктемде себеді: олар суыққа шыдап көктеп шығады және ылғалды жақсы көреді.
- бидай
- сұлы
- арпа
Жарық сүйгіш өсімдіктер
Көптеген өсімдіктер жарықты жақсы көреді. Жарық жеткіліксіз болса, өсімдік қоректенуі әлсіреп, өсуі баяулайды, тіпті қурап қалуы мүмкін. Сондықтан күн сәулесі — өсімдік тіршілігінің маңызды шарты.
- мақта
- жүгері
- жолжелкен
- өгейшөп
- қоңыраубас
5) Сергіту сәті
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Күннің көзі болмаса,
Бұғып қана өсермін.
6) Алғашқы бекіту
Оқушылар жылу сүйгіш, жарық сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктердің атауларын дәптерге жазып, сәйкес суреттерін салады.
7) Шығармашылық жұмыс және қорытынды
«Өсімдіктер» тақырыбы бойынша кестені толтырып, белгіленген өсімдіктер туралы қысқаша мәлімет жазу ұсынылады. Дайын болған оқушылар өз жұмыстарын оқып береді.
Өсімдіктерді топтастыру кестесі
| Ылғал сүйгіш | Құрғақшылыққа төзімді | Жылу сүйгіш | Суыққа төзімді | Жарық сүйгіш |
|---|---|---|---|---|
|
|
|
|
|
8) Үй тапсырмасы
- Кестеге жазылған мәліметті аяқтау.
- Тақырыпты оқып, мазмұндау.
- Тақырып бойынша сұрақтар дайындау.
9) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, кестені толтыруы және өз ойын жеткізуі бойынша қорытынды бағалау жүргізіледі.