Қолдарыңды белдеріңе қойыңдар
Жұмыс барысы
Тренинг құрылымы жылы амандасудан басталып, бірлескен ойындар мен шығармашылық жұмыстар арқылы отбасы ішіндегі сенім мен жақындықты күшейтуге бағытталады.
1) Амандасу сергітуі: «Ана және бала»
ПсихологҚимыл арқылы амандасу және эмоциялық жақындасу:
- 1 «Амансың ба, досым?» — қолмен амандасу.
- 2 «Қалың қалай?» — иығынан ұстау.
- 3 «Қайда болдың?» — құлағынан жеңіл ұстап, әзіл-қалжыңмен.
- 4 «Мен сені сағындым ғой» — қолды жайып көрсету.
- 5 «Сен келдің!» — құшақтасу.
2) «Сиқырлы сөздер» ойыны
ТәрбиешіБалалар «сиқырлы сөздердің» (әдепті сөздердің) маңызын түсінеді. Ереже: тек «Өтінемін» сөзі айтылған тапсырмаларды ғана орындайды.
Сұрақтар
- «Сиқырлы сөздерді білесіңдер ме? Қандай?»
- «Таңертең тұрған кезде аналарың не дейді?»
Үлгі тапсырмалар
- Өтінемін, қолдарыңды көтеріңдер (кейін түсіреміз).
- Өтінемін, оң қолдарыңды көтеріңдер (кейін түсіреміз).
- Өтінемін, қолдарыңды белдеріңе қойыңдар.
- Өтінемін, қолдарыңды бастарыңның артына апарыңдар (кейін түсіреміз).
- Өтінемін, сол қолдарыңмен оң қолдарыңды ұстаңдар (кейін түсіреміз).
3) Ата-аналарға тапсырма: «Баламның жақсы қасиеттері»
Тәрбиеші- Өз балаңыздың 3 жақсы қасиетін атап айтыңыз.
- Сіз мақтан тұтатындай, балаңыз шағын орталықта нені үйренді?
4) «Сөйлемді аяқта» ойыны
ТәрбиешіАлдымен анасы, содан кейін баласы жалғастырып айтады:
Мен … ұнатамын
Жақсы көретін іс, тағам, ортақ әрекет туралы.
Мен … ұнатпаймын
Шекара мен қалауды байыппен, ренжітпей жеткізу.
5) Қозғалыс ойыны: «Жұлдызқұрт»
ПсихологМақсаты — бір-бірін сезіну, энергия алмасу, топтық үйлесімді күшейту.
Нұсқау
- Қатысушылар бойымен сапқа тұрып, бір-бірінің артынан орналасады.
- Қол белге қойылады.
- Шар алдыңғы қатысушының белі мен артқы қатысушының іші арасына қыстырылып ұсталады.
- Шарды қолмен түзетуге болмайды.
- Тізім үзілмейтіндей етіп, шеңбер жасап жүріп көріңіз.
Талқылау сұрағы: Өздеріңізді «жұлдызқұрттың» бір мүшесі ретінде сезіндіңіздер ме? Бұл нені білдіреді (мысалы, «мен тез жүруден қорықтым» сияқты сезімдер)?
6) Психологиялық сәт (5 минут)
ПсихологМузыка әуені қосылып тұрады. Әр жұп (ана мен бала) өміріндегі ең бақытты сәтін қысқаша бөліседі.
7) «Өнеріңді сына»: бірлескен өнер көрсету
ТәрбиешіАта-ана мен бала бірігіп ортаға шығып, өз талантын таныстырады:
Би
«Қара жорға» биін билеу.
Спорт
Бір спорт түрінен шағын көрсетілім.
Шеберлік
Сурет салу немесе басқа қолөнер жұмысы.
8) Шығармашылық жұмыс: «Отбасы суреті»
ПсихологҚатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ ақылдасып, ортақ образ ойлап табады да ватманға отбасы портретін салады. Соңында сурет талқыланады.
9) Аналарға өзіндік жұмыс: жағдаяттық сұрақтар
ТәрбиешіТалқылау арқылы ата-аналық ұстанымды нақтылау:
- 1 Балалармен карта ойнауға бола ма?
- 2 Бала сізден бірге ойнауды өтінсе, ал сіз теледидар көріп отырсаңыз, не істейсіз?
- 3 Ойын кезіндегі кез келген сәтсіздік балада қайғы, уайым немесе жылау туғызса, не істеген дұрыс?
Қорытынды сөз
Бала — ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деп, перзентін әлпештеп өсірген ата-ана әрдайым баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өсуін тілейді.
Ата-ананың жеке басының ықпалы балаға күн сәулесіндей қажет, оны ешнәрсе толық алмастыра алмайды. Сондықтан баладан жүрек жылуын аямай, кейде бір сәт болса да бала көзімен қарап көру маңызды.
10) Қоштасу рәсімі: «Тілек ағашы»
ПсихологҚатысушылар қағаздан қиылған алмаларды алады. Әр адам алмаға жағымды сурет салып немесе жылы тілек жазып, бүгінгі кездесудің естелігі ретінде «тілек ағашына» іледі.
№38 педагог-психолог: Абеуова Мақпал Бекболатовна