Қызықты ұяшықтар
Сабақ туралы
- Сабақтың тақырыбы
- Қазақстандағы этносаяси үдерістер, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы.
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақтың әдістері
- Ойын, сұрақ-жауап, деректермен жұмыс.
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, тапсырмалар жасырылған сандық пен бөшке, бағалау парақтары.
- Пәнаралық байланыс
- Ежелгі Қазақстан тарихы, география, математика.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақ жерінде қазақ халқының этникалық және антропологиялық негізінің қалануын, орта ғасырлардағы этникалық өзгерістер сияқты күрделі мәселелерді талдай отырып, Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық
Халық болып қалыптасу үдерісін ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауға үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу; өз халқының тілін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жеке бағалау парақтары беріледі. Олар бағалау парағын сабақ бойы өздері толтырып отырады.
Мұғалімнің ұстанымы:
Маған бақыт — сабақ өту сіздерге,
Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.
Жастық шақта жүріңіздер шат күліп,
Бәрімізге болсын серік сәттілік!
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Қызықты ұяшықтар» әдісі: тақтада 10 ұяшық беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
-
1-ұяшық
1155 жылы Моңғолия жерінде Есугей батырдың отбасында дүниеге келіп, Моңғол империясын құрып, ұлы хан болып сайланған кім?
Жауабы: Шыңғыс хан.
-
2-ұяшық
1370 жылы Мауараннахрды басып алып, 35 жыл бойы жеке-дара билік құрған, моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан, Тарағай бектің баласы кім?
Жауабы: Әмір Темір.
-
3-ұяшық
1374–1375 жылдары Еділ бойына жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды және Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырған Ақ Орда ханы кім?
Жауабы: Ұрыс хан.
-
4-ұяшық
Алтын Орданың саяси және экономикалық дамуына зор үлес қосып, Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланысты күшейткен Алтын Орда ханы кім?
Жауабы: Берке хан.
-
5-ұяшық
1380 жылдан бастап Алтын Орданың көптеген жерлерін басып алып, Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді көздеп, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартқан кім?
Жауабы: Тоқтамыс.
-
6-ұяшық
XIV ғасырдың 90-жылдары Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізген. Соғыстың басты себептері: біріншіден, билік үшін күрес; екіншіден, Ноғай Ордасының беделін көтеріп, аумағын ұлғайтуға ұмтылу. Бұл хан кім?
Жауабы: Едіге хан.
-
7-ұяшық
1481–1484 жылдары орыс мемлекетіне екінші рет елшілік жіберіп, орыс патшасы III Иванмен өзара сауда қарым-қатынасын орнату мақсатында достық одақ құру жөнінде шарт жасап, келісімге келген хан кім?
Жауабы: Ибақ хан.
-
8-ұяшық
1428 жылы хан сайланған, Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы кім?
Жауабы: Әбілқайыр.
-
9-ұяшық
Шыңғыс ханның 1217 жылы Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандырған нояны кім?
Жауабы: Жебе ноян.
-
10-ұяшық
Египетпен байланысына кедергі келтіруге тырысқан Византияға 1271 жылы жорыққа шыққан. Алайда Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келген. Бұл Алтын Орда ханы кім?
Жауабы: Меңгу-Темір хан.