Қурай аспабын неден жасайды балалар

Сабақтың тақырыбы

Тақырып

Үндінің сұлу сазды рагасы

Ән: «Алматы – Дели» (Е. Хасанғалиев)

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды әлем халықтарының театрларымен таныстыру.
  • Үнді дәстүрлі музыкасын тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру.
  • Әлемдік мәдениетке құрмет, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
  • Көзқарас пен дүниетанымды кеңейту.

Сабақ барысы

Бұл сабақта үнді классикалық музыкасы мен би өнері туралы түсінік кеңейтіліп, тыңдалым, талдау, қозғалыс және ән үйрену жұмыстары өзара байланыста жүргізіледі.

1) Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу (әуенмен)

Мұғалім

«Саламатсыз ба?»

Оқушылар

«Саламатсыз ба?»

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Қош келіпсіз ұстаздар,

Саламатсыз ба?

ә) Түгелдеу және назар аударту

Оқушыларға үнді музыкасы үлгісінен қысқа үзінді тыңдатылады.

Сұрақ

«Балалар, бұл қай ұлттың музыкасы?»

Қорытынды: бұл — үнді музыкасы. Біз әлем халықтарының мәдениеті тақырыбындағы үнді бөліміне өтеміз.

2) Үй тапсырмасын қайталау

Тақтадағы суреттерге қарап, олардың қай халықтың мәдениетіне тән екенін анықтау ұсынылады.

Тапсырма

«Суреттерді танып ал!»

Башқұрт халқының ерекше құрметке ие аспабы — қурай. Қурай оларда тек музыкалық аспап қана емес, мемлекеттік символ ретінде де аса қадірлі.

Талқылау сұрақтары

  • Қурай қандай материалдан жасалады? Ұзындығы шамамен қанша болады?
  • Қазақ халқында қурайға ұқсас қандай аспаптар бар?
  • Бұл аспаптың үні қандай әсер қалдырады?

3) Тақырыпқа кіріспе: Үнді актерлері

«Маған таныс» ойыны: суреттер арқылы таныс актерлерді атап, олардың шығармашылығы туралы қысқаша ой бөлісу.

Мысалдар

Авика Гор, Шахрух Хан, Айшвария Рай, Аамир Хан, Хема Малини және т.б.

4) Жаңа сабақ: Үндінің сұлу сазды рагасы

Негізгі ұғым

Рага — үнді классикалық музыкасының негізі. Көбіне баяу орындалады, жеке дауыспен орындалуға лайық, тарихи және философиялық мазмұнға құрылуы мүмкін. Рага бірнеше минутқа, тіпті ұзақ уақытқа созыла береді.

Үнді биі туралы

Үнді биі — екі мың жылдан астам тарихы бар көне өнер. Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші — Шива құдай. Аңызда Шива әртүрлі қимылдардан құралған биі арқылы жарық әлемді жаратты деп айтылады.

Би түрлері

Негізінен, үнді биі классикалық, тайпалық және халық билері болып үш топқа бөлінеді.

Театр, музыка және би өнері жөніндегі «Натьяшастра» (II ғасыр) трактатында бидің қағидалары, қимылдары, кейіпкерлері және костюм ерекшеліктері жүйеленген.

Үнді классикалық биінің 8 стилі

  • Бхаратанатьям — Тамилнаду
  • Катхак — Уттар-Прадеш, Раджастан
  • Катхакали — Керала (ерлер биі)
  • Мохини-аттам — Керала (әйелдер биі)
  • Кучипуди — Андхра-Прадеш
  • Манипури — Манипур
  • Одисси — Орисса
  • Сатрия — Ассам

Орындау техникасы әртүрлі болғанымен, философиялық мәні ұқсас: әр стильдің өз тарихы мен заңдылықтары бар.

Ерекшелігі: әдебиетпен байланысы

Үнді классикалық биінің басты ерекшелігі — әдебиетпен тығыз байланысы. Көп билер белгілі бір шығармаға, эпостардағы мифтерге негізделеді. Оқиға мазмұны қимыл-қозғалыс арқылы жеткізіледі.

Үнді би қимылдары — өз алдына «тіл»: әр қимылдың нақты мән-мағынасы бар, яғни әр қозғалыс сөйлеп тұрады.

Тарихи дерек: девадаси дәстүрі

XVII ғасырға дейін (ежелгі және орта ғасырлар кезеңінде) биді ғибадатханаларда орындау кең тараған. Осы мақсатпен қыздарды арнайы тәрбиелеп, оларды девадаси деп атаған.

Девадасилер тек би билеп қана қоймай, ән айтып, аспапта ойнап, сахналық шеберлік пен мәдени сөйлеуді меңгерген. Қоғамдағы мәртебелері жоғары болған.

Музыка тыңдау және талдау

Үнді рагасын тыңдап, әсерді талқылау ұсынылады.

  • Естіген музыкадан қандай әсер алдың?
  • Музыканың көркемдік ерекшеліктері (темп, әуен, ырғақ) қандай?
  • Музыка қандай көңіл күй қалыптастырды?

Сергіту сәті

Қыздардың дайындаған үнді биін тамашалау.

Қорытынды пікір: «Рахмет, қыздар! Өте тамаша орындадыңдар!»

Катхакали театры және Бхаратанатьям

Катхакали театрына дәстүрлі түрде тек ерлер алынған. Киімдері мен бет бояуы ерекше, орындауда қимылмен қатар мимика да маңызды рөл атқарады.

Қыздар орындауындағы ұлттық Бхаратанатьям биі видеодан көрсетіледі.

5) Жаңа ән үйрену: «Алматы – Дели»

Бүгін біз Ескендір Хасанғалиевтің «Алматы – Дели» әнін үйренеміз. Композитор туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Ән айтуға дайындық

Әнді үйренбес бұрын тыныс және дауыс жаттығулары орындалады.

Тыныс жаттығулары (Стрельникова әдісі)

  1. Алақан
  2. Мысық
  3. Насос
  4. Иығымызды құшақтау

Дауыс жаттығулары (до мажор гаммасы)

До – до – фа – фа – фа – ми – фа

До – до – фа – фа – фа – ми – фа

До – до – си – си – ля – фа – соль

Си – си – ля – ля – соль – ми – фа

До – си – ля, до – си – ля, до – си – ля – соль

Си – ля – соль, си – ля – соль, си – ля – соль – фа

Тыңдалым

Әнді үйренбес бұрын тыңдап аламыз. Бұл әнді кезінде әнші Мадина Ералиева орындаған.

Орындау

«Алматы – Дели» әнін мәтінмен жұмыс жасай отырып, жеке және топпен орындау (мәтіні тақтада және оқушыларда болады).

6) Түсінгенін тексеру

Сұрақтар

  • Үнділер туралы қандай мәлімет алдыңдар?
  • Қандай жаңа терминдермен таныстық?
  • Сабақ бойынша берілген сұрақтарға жауап берейік.

7) Қорытынды

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Қайталау

Әнді қайта орындап, негізгі ойларды бекіту.

Үй тапсырмасы

  • «Алматы – Дели» әнін жатқа айту.
  • Үнді халқы туралы қосымша мәлімет жинап келу.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!