Армысың апайлар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты

  • Күз айларының атауларын атап, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Күз мезгілін Жомарт күз, Алтын күз, Қоңыр күз деп атап, әр көріністен алған білімді қорытындылау.
  • Күзгі табиғат өзгерістерін бақылау арқылы күз байлығын, әсемдік пен сұлулықты сезіне білуге үйрету.

Жаңа сөздер

Сұр бұлт
Аспанды торлаған қарақоңыр бұлт.
Көңіл күй
Адамның ішкі сезімі, эмоциялық жағдайы.

Көрнекі құралдар

  • Жапырақтар
  • Күз мезгілінің суреті

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберін құрып, орнымыздан тұрып, барлығымыз бірге жылы лебіздер білдірейік:

Армысың, жер-ана!

Армысың, көк әлем!

Армысың, жан досым!

Армысың, апайлар!

Жылуыңа жылу қос!

Міне, менің қолым!

Балалар, енді орнымызға жайғасайық.

Кіріспе өлең және сұрақ

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып, өңі тайып.

Дала сұры қашады,

Ойнап алмай.

Денең мұздап тоңады.

Тәрбиеші:

Айтыңдаршы, балалар, бұл қай кезде болады?

Тәрбиеші топ бөлмесіндегі әсемдікті байқатады: сары және қызғылт жапырақтар ерекше көркем көрінеді. Бөлме «сиқырлы күз» секілді безендірілген.

Күз туралы әңгіме

Сұрақ

Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай.

Сұрақ

Олар қандай айлар?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Сұрақ

Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?

Балалар: Күн салқындайды, жел соғады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жердің иісі шығады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар!

Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауады себелеп.

Жапырақты жамылып,

Жасырынды көбелек.

Күннің көзі ашылды,

Көбелектер шашылды.

Дидактикалық ойын: «Кім жапырақты көп жинайды?»

Ойын шарты: Жапырақтар еденге шашылып жатады. Белгі берілген кезде балалар жапырақтарды жинайды. Ең көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

Қосымша тапсырма: Жиналған жапырақтардың түсін ажыратып, атап айту.

«Алтын күзді» шақыру

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: «Алтын күз неге кешігіп жатыр екен? Келемін деп уәде беріп еді ғой». Балалар ортаға жиналып, «Алтын күзді» хормен шақырады.

Балалар (хормен):

Келші, келші, Алтын күз!

Алтын күз:

Сәлем, өрен достарым!

Алақанды тос бәрің,

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

«Мереке басы ән болар, береке басы дән болар» демекші, мен көктемде егілген мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан мені Жомарт күз деп атайды.

Балалар, мен сендерге өзіммен бірге тапсырмалар алып келдім. Тапсырмаларды апайларыңа тапсырамын!

Тапсырмалар

1-тапсырма

Кім тапқыр? Жұмбақ шешу

ойлау • байқау • тіл дамыту

Дөп-дөңгелек доптай,
Іші — қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.

Жауабы: Қарбыз

Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады.

Жауабы: Жаңбыр

Ағаш толы сары шымшық,
Сілкіп көрсең, түседі ұшып.

Жауабы: Жапырақ

2-тапсырма

«Орамалыңды ашайық, астынан не қарайық?»

байқампаздық • жіктеу • түс ажырату

Балалар «Бұл не?» деп сұрағанда, тәрбиеші: «Бұл — себет» деп жауап береді. Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады. Жапырақтарды ашқанда, астынан жемістер мен көкөністер көрінеді.

Дидактикалық тапсырма: Көкөністер мен жемістерді ажыратып, олардың түсін атап айту.

Алтын күз:

Жарайсыңдар, балалар! Сендер жұмбақтарды шештіңдер, көкөністер мен жемістердің атауын атап, түстерін ажыраттыңдар. Ой ұшқырлықтарың көрінді.

Мына көкөністерді апайларыңа тапсырамын. Кейін бәрің бөлісіп жейсіңдер.

Қорытынды

Сабақ соңында Алтын күз балалармен қоштасады: жолы ұзақ екенін айтып, жылы тілек білдіреді.

Алтын күз:

Балалар, енді мен сендермен қоштасайын. Ұзақ жол жүруім керек. Сау болыңдар!