Сұрақ жауап арқылы жыл мезгілдерінің ауысуына тоқтала кету

Қостанай облысы • Қостанай ауданы • Озерный ауылы

Озерный орта мектебі, шағын орталық тобы / Тәрбиеші: Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлім

Қоршаған ортамен танысу

Тақырып

Күз келді

Мақсаты

  • Жыл мезгілдерінің ауысуы мен ерекшеліктерімен таныстыру.
  • Жыл мезгілдеріне қызығушылығын арттыру.

Билингвалды компонент

күз

осень

жаңбыр

дождь

салқын

прохладно

бұлттар

тучи

жапырақтар

листья

көкөністер

овощи

жемістер

фрукты

Іс-әрекет кезеңдері

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен амандасып, бір-біріне жылы лебіз айтуын сұрайды. Балалар мұқият тыңдап, өзара ризашылықтарын білдіреді.

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Гаухар келді. Балалар амандасады.

Сұрақ-жауап

  • Гаухардың қолында не бар? — Себет.
  • Себеттің ішінде не бар? — Жапырақтар, тамшы, бұлт.

Өлең

Күзгі жапырақтар

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Қ. Шаңғытбаев

Балалар өлең жолдарын мәнерлеп оқып, хормен қайталайды.

Күз туралы әңгіме

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, өлеңнің қай мезгіл туралы екенін анықтайды: бұл — күз мезгілі. Күз — байлық пен молшылықтың уақыты. Бұл мезгілде адамдар да, аң-құстар да қысқа дайындалады.

Күзде қандай табиғи құбылыстар болады?

Аспан бұлттанып, жауын-шашын жауады.

Ауа райы қандай болады?

Күн салқындайды, жапырақтар жерге түседі.

Жапырақтардың түсі қандай?

Қызыл, сары (кейде қоңырлау реңктер де болады).

Балалар қалай киінеді?

Жылы киінеді.

Құстар не істейді?

Жылы жаққа ұшып кетеді.

Сергіту сәті

  • Күн шықты.
  • Аспанды бұлт басты.
  • Жел соқты.
  • Жаңбыр жауды.
  • Найзағай сарт-сұрт етті.
  • Біз тығылып қалдық.

Балалар қимыл-қозғалысты жаттығуларды көңілді орындап, өздерін сергітеді.

Сұрақ-жауап: «Күздің сыйы»

Күз мезгілі бізге қандай сый береді?

Адамдар мол өнім алып, қысқа азық жинайды.

Жемістерге не жатады?

Алма, алмұрт, шие, жүзім.

Көкөністерге не жатады?

Қияр, сәбіз, қызанақ, қырыққабат.

Мақал-мәтел

Күздің бір күні — қыстың бір айын асырайды.

Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың.

Ойын: «Ойлан тап»

Орманда жүретін аңдар бар. Олар немен қоректенеді, нені жақсы көреді? Ойынның шарты — берілген аңдарға сәйкес келетін азығын табу. Балалар ойынға қызыға қатысады.

Жаңа сөздерді бекіту

күз — осень жаңбыр — дождь салқын — прохладно бұлттар — тучи жапырақтар — листья

Балалар жаңа сөздерді бірнеше рет қайталап, дұрыс айтуға жаттығады.

Жыл мезгілдерінің ауысуын бекіту

Сұрақ-жауап арқылы жыл мезгілдерінің ауысуына тоқталып өтеміз. Әр бала белгілі бір мезгілге сай киініп, қалған балалар қай жыл мезгіліне сәйкес екенін табады.

3) Рефлексиялық түзету

Тәрбиеші сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың іс-әрекетін қорытындылап, белсенді қатысқандарды мадақтайды. Балалар жауап беріп, жаттығуларды орындауға ынталана түседі. Қысқа тренинг өткізіледі.