Домбыра аспабын қастерлеу
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — балалардың домбыраға қызығушылығын арттыру және ұлттық аспапқа құрмет сезімін қалыптастыру.
Білімділік
Домбыра аспабының қазақ халқындағы орны мен маңызын таныту.
Дамытушылық
Ән айту дағдысын дамыту, тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Домбыраны қастерлеуге, ұлттық мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
1) Сыныпты топқа бөлу
- 1-топ: үрмелі аспаптар
- 2-топ: ұрмалы аспаптар
- 3-топ: ішекті аспаптар
2) Қайталау сұрақтары
Әр топқа аспаптардың орындалу тәсілдері туралы сұрақ қойылады (балалардың жауаптары тыңдалады):
Үрмелі аспаптар
Қалай орындалады?
Ұрмалы аспаптар
Қалай орындалады?
Ішекті аспаптар
Қалай орындалады?
3) «Ассоциация» әдісі
Балалар берілген топтарға сай қандай аспаптарды білетінін қағазға түсіреді. Әр топтан бір оқушы шығып, жұмыстарын таныстырады. Соңында топтардың жұмысы бағаланады.
Негізгі сұрақ
Осы аспаптардың ішінде күнделікті өмірде ең жиі көріп, көп қолданатынымыз қайсы? Домбыра.
Домбыра туралы не білеміз? Онымен не істеуге болады? Ән айтуға, күй тартуға болады.
4) Күй тыңдау
Орындаушы
Секен Тұрысбеков
Күй
«Көңіл толқыны»
Күй қандай аспапта орындалды? Балалардың жауабы: домбыра.
5) Сабақтың тақырыбы
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
6) Домбыра туралы қысқаша мәлімет
Ертеде домбыра қазақтың әрбір үйінің төрінде ілулі тұрған. Домбыраны көпшілік қазақ баласы ойнай білген. Көшпелі қазақ халқы домбыраны жан серігі санап, өзімен бірге алып жүрген.
Көне замандарда домбыраны тұтас ағаштан ойып жасаған. Шанағы мен көлемі әртүрлі болған: бір домбыра сопақша жасалса, енді бірі қалақшаға ұқсас пішінде дайындалған.
Домбыраға қойдың ішегін иіріп тағып, мойнына перне байлаған. Аспапты әшекейлеп, сүйектен ою салып сән берген.
Домбыра қазақтың атақты әнші-ақындары мен күйшілерінің сенімді серігі болған. Олар домбырамен ән салып, күй тартып, айтысқа түскен.
Қазақ аңыздарында домбыра талай жанды ажалдан арашалап, өмір сыйлаған қасиетті аспап ретінде суреттеледі.
Көрнекілік: слайд арқылы домбыра түрлерін көрсету.
7) Ән орындау
Композитор
И. Нүсіпбаев
Ән
«Домбырасыз сән қайда»
8) Домбыра туралы жұмбақтар
Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған.
Жауабы: домбыра
Мойнынан ұстаймын,
Ішінен қытықтаймын.
Жауабы: домбыра
9) Музыка сауаты: ұқсас аспаптармен салыстыру
Қазақ домбырасын қырғыздың қомызымен және орыстың балалайкасымен салыстырып, ортақ белгілерін анықтау.
Қомыз (Қырғызстан)
Қырғыз халқы домбыра тектес аспабын қомыз деп атайды. Қомыз қырғыз мәдениетінде кең таралған.
- Үш ішекті.
- Мойнында перне байланбайды.
Домбыра (Қазақстан)
Домбыра — қазақтың ең кең таралған ішекті аспабы. Ән мен күйдің негізгі сүйемелдеушісі.
- Екі ішекті.
- Мойнында пернелері болады.
Балалайка (Ресей)
Балалайка — орыс халқының танымал аспабы. Аңыздарда оның көшпелі халықтар арқылы тарағаны айтылады. Мерекелік жиындарда ән айтып, би билеуге жиі қолданылған.
Көрнекілік: слайдта қомыз бен балалайка суреттерін көрсету.
10) Топтық жұмыс
Үш топқа домбыра, қомыз және балалайка суреттері берілген парақтар таратылады. Оқушылар аспаптар туралы түсінгенін баяндап береді. Соңында топтар бағаланады.
Жаңа сабақты қорытындылау
- Домбыра қалай жасалады?
- Домбырада кімдер ойнаған?
- Қандай әнші-күйшілерді білесіңдер?
- Ән мен күй тыңдаған ұнай ма?
- Домбыраға ұқсас қандай аспаптарды білесіңдер?
Бағалау
Сабақтағы белсенділік, топтық жұмыс сапасы және жауаптардың толықтығы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Әннің сөзін жаттау.
- Қомыз және балалайка аспаптарының суретін салу.