Көксерек - табиғатың тағы перзенті шығарма жазуға дайындалу
Сабақтың тақырыбы
М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
Сабақ түрі: білімді бекіту, сын тұрғысынан ойлау сабағы · Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: интерактив тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар · Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың мақсаты
-
1) Мазмұнды терең түсіну
Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдап, автор көзқарасын пайымдау.
-
2) Ойлау және шығармашылық
Тақырыпқа қызығушылықты оятып, мағынаны танып-білу, ажырату, ой толғау дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық қабілетті дамыту.
-
3) Тәрбиелік бағыт
Табиғатты қорғауға, аялап күтуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Бекіту: сабақтың 3 кезеңі
І кезең
Талдау
ІІ кезең
Жалғау
ІІІ кезең
Самғау
Ой қозғау
Әдебиет — өмірді танудың құралы: көркем шығарма арқылы адам өмірді түсініп, тәрбиеленеді.
«Табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя, талбесігі».
Осы ойға сүйене отырып, табиғатқа жасалатын шабуылға, оның тылсым тыныштығын бұзуға көзқарас білдіру.
Түсінік
Қоршаған орта
Түсінік
Табиғат
Түсінік
Халық қазынасы
Сабақ өзегі
Бүгінгі әңгіме кеше оқып танысқан және көркем фильм арқылы да жақсы білетін «Көксерек» шығармасына арналады. Шығарманың оқиғалық желісі негізінен Көксеректің іс-әрекеті арқылы өрбиді. Сондықтан алдымен әңгіме композициясына талдау жасаймыз.
Талдау
Автор
Мұхтар Әуезов
Тақырып пен идея
- Тақырыбы: қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері.
- Идеясы: адам мен табиғат арасындағы байланыс пен түсіністік.
Композициялық жоспар
- Оқиғаның басталуы: қасқыр мекені, бөлтіріктер тағдыры.
- Байланысы: Көксеректің ұяластарымен табысуы.
- Дамуы: Қарадыр еліндегі мазасыздық.
- Шарықтау шегі: Құрмаштың қазасы.
- Шешімі: Көксеректің жазасын тартуы.
Видеоматериал
«Қасқырлар» тақырыбындағы қысқа бейнематериалды көріп, алған әсермен бөлісу.
Жалғау
Фильм туралы қысқаша мәлімет
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген «Көксерек» көркем фильмі 1973 жылы көрерменге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті. Фильм 1974 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде бірінші жүлдеге ие болып, Швейцарияның Локарно қаласындағы кинофестивальде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер
- Фильм үшін хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған.
- Көксерек рөлін екі қасқыр сомдаған; екеуі де Мәскеуден арнайы әкелінген.
- Қойға қасқыр шабу көрінісіндегі қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибелік отарынан алынған.
- Түсірілім Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында өткен.
- Валентина Әуезованың естелігі бойынша, жазушыға бұл әңгімені жазуға бала күнінде аңшылардан естіген оқиғалар әсер еткен.
Талқылау сұрағы
Фильм үзіндісінен нені байқадыңдар? Ойларыңды ортаға салыңдар.
Мәтінмен жұмыс: сөздік
Дәптерге жазып, мағынасын нақтылау.
- Адыр
- Бір-бірімен ұласып жатқан дөңесті жер.
- Бозқараған, тобылғы, сасыр
- Бұталы өсімдіктер.
- Жып-жылы мықты тұсаулар
- Бұл жерде: адамның қолдары (жылы, берік құрсау мағынасында).
- Тірсек
- Артқы аяқтың төменгі бөлігі.
- Жонданғандай
- Арқа тұсы жуандап, үлкейгендей болды.
- Көресіні көрді
- Жәбірленді, азап шекті.
- Зіңгіттей
- Ірі, еңселі.
- Тұрқы
- Тұла бойының ұзындығы, бітімі.
Топтық тапсырмалар
Жеке оқушылар карточкамен де жұмыс жасайды.
Кубизм әдісі (1–2 топ)
Кубикті кезекпен иіру: қай қыры түссе, сол сұраққа жауап беру.
- Суретте: Көксеректің портретін сипаттаңдар.
- Салыстыр: дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңдар.
- Зертте: қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіңдер?
- Қолдан: Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
- Дәлелде: Көксеректі жауыздыққа итермелеген, Құрмашқа ауыз салдырған қандай жағдай?
- Талда: Көксеректің қатыгездігін қай тұстардан байқадыңдар?
Бес жол өлең (2 топ)
Синквейн әдісі бойынша «қасқыр» және «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең құрастыру.
Қасқыр
- Қасқыр
- Жыртқыш, қомағай
- Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
- Қасқыр — түз тағысы, табиғаттың перзенті
- Бөрі, көкжал
Аңшы
- Аңшы
- Қырағы, сақ
- Атады, көздейді, аулайды
- Аңшы қансонарда аңға шығады
- Мерген
Шығармашылық жұмыс
Қасқырға байланысты мақал-мәтел айту.
- Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
- Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
- Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
- Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.
Самғау
Сабақтың қорытынды бөлімінде жазушымен және шығармамен «сөйлесеміз»: таныстық, талдадық, баға бердік. Енді алған әсерімізді жинақтап, ойымызды жүйелейміз.
1) Жазушымен сырласу
Авторға ойыңды жеткізу, көзқарас білдіру.
2) Табиғатқа тіл қату
Табиғатқа үндеу, жауапкершілік туралы ой.
3) Адамдарға үн қату
Қоғамға ой тастау, әрекетке шақыру.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
«Көксерек — табиғаттың тағы перзенті» тақырыбында шығарма жазуға дайындалу.
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі және өзара бағалау.
Қорытынды үндеу
Тіршілік иесіміз бәріміз де —
Өмір сүруге құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын,
«Көксерек» сабақ болсын тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!