Кальций жөнінде білімдерін кеңейту
Сабақ тақырыбы
Кальций және оның қосылыстары
Сабақ жоспары
-
I
Ұйымдастыру
-
II
Үй тапсырмасын пысықтау (тест)
-
III
Сабақтың мақсатымен таныстыру
-
IV
Топқа бөлу
-
V
Бекіту сұрақтары
-
VI
Қорытындылау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Кальций туралы білімді кеңейту және жүйелеу, пәнге біртұтас көзқарас қалыптастыру.
- Оқушының өздік жұмыс орындауын дамыту, ізденімпаздық қабілетін ескере отырып тапсырмалар ұсыну.
- Кальций элементін жан-жақты зерттеу арқылы оның қосылыстары, қолданылуы және маңызы туралы білімді тереңдету.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру және қосымша материалдар арқылы экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар кальций және оның қасиеттері туралы толық мәлімет алып, алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Көрнекілік
- Слайдтар
- Электронды оқулық
- Периодтық кесте
- Реактивтер
- Қосымша әдебиеттер
- Химия энциклопедиясы
Жаңа сабақ
I топ: кальцийдің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы
Мұғалім
Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Табиғатта таралуы
Кальций табиғатта тек қосылыс түрінде кең таралған. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5-орында, массалық үлесі шамамен 3,6%.
Оның қосылыстары көптеген табиғи ортада кездеседі: теңіз және өзен суларында, өсімдік пен жануар организмдерінде болады.
Адам организмінде 1 кг-ға дейін кальций болуы мүмкін; ол сүйек тінінің, тіс эмалінің және қан құрамының маңызды бөлігі.
Табиғатта ең көп таралған қосылыстарының бірі — CaCO3.
Физикалық қасиеттері
-
Күміс түстес, ақшыл реңкті, жеңіл металл.
-
Тығыздығы: 1,54 г/см3.
-
Ауамен тез әрекеттесіп, тотығу өнімдерінен тұратын кеуекті, жұқа ақ қабықша түзеді.
-
Сондықтан сілтілік металдарға ұқсас түрде керосин қабатының астында сақталады.
-
Балқу температурасы: 851°C.
Қосымша материал
«Кальций және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша слайдтарды жүктеу.
Слайдтарды жүктеу