Бар махаббат - Ақұштап БақтыгерееваСенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда

Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе бұл ғаламда.
Махаббат болмаса егер, дала кезіп,
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі.

Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек
Қозы үшін, сұлу Баян өлер ме еді.
Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген.

Жыр кені - Ұлы Абайдың жүрегінде,
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.
Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды.
Аялап шын қадірлеп көрмегенде,
Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.

Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды,
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге



Ұқсас жұмыстар

ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу
Сәбит Мұқанов жайында
Жайықта мен қазақпын
Шәкәрім Құдайбердіұлының діни дүниетанымы
Жазғызбадың есті өлең
Қожа Ахмет Яссауи жайлы
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Қазақ фольклоры жырлары
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ ҚАБАНБАЙ
Азияның басты өзендерінің географиялық ерекшеліктері