Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Ұзақ мерзімді жоспар: 7.2.C «Тыныс алу» (7-сынып)

Бұл бөлім 7-сыныпта тірі ағзалардағы тыныс алудың маңызы мен оның негізгі типтерін түсіндіруге бағытталған. Сабақ оқушылардың алдыңғы білімін (фотосинтез үдерісі) тірек ете отырып, тыныс алу үдерісін ғылыми тұрғыдан талдауға және салыстыруға мүмкіндік береді.

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алудың маңызы мен типтері

Бөлім

7.2.C «Тыныс алу»

Оқу мақсаттары

  • 7.1.4.1. Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау.

  • 7.1.4.2. Анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Тыныс алудың маңызын сипаттайды және тыныс алу типтерін ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Тыныс алу мен фотосинтез үдерістерін салыстырады, анаэробты және аэробты тыныс алудың ерекшеліктерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар

Тыныс алу арқылы энергияның қайдан және қалай алынатынын сызба түрінде көрсетіп, талдайды; сондай-ақ тыныс алусыз тіршілік ету мүмкіндігі туралы пікірін дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

  • Тыныс алудың ағза үшін маңызын түсінеді.
  • Тыныс алу типтерін ажыратады.

Дағдылар

  • Сын тұрғысынан ойлау.
  • Жеке, жұппен және топпен жұмыс істей білу.

Құндылықтар

Денсаулықты сақтау, достық, айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Химия, физика, экология, ағылшын тілі.

Алдыңғы білім

7.1.2.2. Фотосинтез үдерісіне қажет жағдайларды зерттеу.

Сабақ құрылымы

Сабақтың басы

2–7 минут
  • Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • 1-тапсырма: үй тапсырмасын «Шындық па, әлде жалған ба?» әдісімен тексеру. Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне доп лақтырып, өткен тақырып бойынша сұрақ қояды; жауап «шын» немесе «жалған» түрінде беріледі.
  • Топқа бөлу: оқушылар 1–4 деп саналып, төрт топқа бірігеді: 1-топ: «Глюкоза» 2-топ: «Фотосинтез» 3-топ: «Аэробтар» 4-топ: «Анаэробтар»

Сабақтың ортасы

шамамен 7 минут

«Миға шабуыл» әдісі

Ұжымдық талқылау арқылы мәселенің шешімін іздеу ұйымдастырылады. Әр оқушы өз ойын еркін айтады; пікір білдіру кезінде бір-бірінің сөзін бөлуге және бағалауға болмайды.

Біз не үшін тыныс аламыз?

Барлық тірі ағзалар бірдей тыныс ала ма?

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстырады. Тілдік мақсатқа сәйкес жаңа терминдер үш тілде беріліп, жаңа тақырып түсіндіріледі.