Оқушыларға PAINT графикалық редакторы туралы мағлұмат бере отырып, салынған суретті сақтау тәсілдерін түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
Paint графикалық редакторы. Суретті сақтау.
Білімділік
Оқушыларға Paint графикалық редакторы туралы мәлімет беру, салынған суретті сақтау тәсілдерін түсіндіру. Құрал-саймандарды дұрыс пайдаланып, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылық пен іскерлікті, танымдық белсенділікті дамыту. Пәнге және Paint редакторына қызығушылықты арттырып, өз ойын сауатты жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және шығармашылыққа баулу; нақты іс-әрекетке жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Үйрету
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Слайд
- Үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
-
II
Ой қозғау
1) Әріптерді сандардың кему ретімен орналастырса, қандай сөз шығады?
Сандар
2 6 7 9 4 3 8 5 1
Әріптер
Е П М К Ю Т О Ь Р
Жауабы: Компьютер
2) Әріптерді сандардың өсу ретімен орналастырса, қандай сөз шығады?
Сандар
1 3 5 2 4
Әріптер
С Р Т У Е
Жауабы: Сурет
-
III
Жаңа сабақ
Paint редакторын іске қосу
Paint графикалық редакторын ашу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Бастау → Барлық бағдарламалар → Стандартты → Paint
(Пуск → Все программы → Стандартные → Paint)
Осыдан кейін Paint терезесі ашылады.
Құрал-саймандарға шолу
Paint-те сурет салу және өңдеу үшін негізгі құралдар қолданылады:
Ерікті аймақты белгілеу
Қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдайды.
Белгілеу
Суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдайды.
Өшіргіш
Суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған.
Құю (заливка)
Тұйық контурдың ішін сурет немесе фон түсімен бояйды.
Түс таңдау
Кез келген нүктедегі түсті алып, түс параметрлерін соған теңестіреді.
Масштаб
Суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш
Әртүрлі жуандықтағы сызықтарды сызады.
Қылқалам (кисть)
Ерікті сызықтарды салады; қылқалам түрін таңдауға болады.
Бүріккіш
Пульверизатор әсерін береді.
Жазу
Суреттің ішіне мәтін енгізеді.
Сызық
Түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық
Тегістелген (қисық) сызықтарды салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш
Тіктөртбұрыштар салуға арналған.
Көпбұрыш
Ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар сызады.
Эллипс
Шеңбер және эллипс салуға арналған.
Дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш
Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тіктөртбұрыштар сызады.
Тапсырмалар әлемі
1-тапсырма: «Бөгде планеталықтар»
Геометриялық фигуралардан (шеңбер, тік төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, эллипс) композиция құрастыр. Фигураларды бұруға және еңкейтуге болады.
Дайын суретті өз атыңмен сақта.
Суретті сақтау ережелері
Салған суреттерді кейін қолдану үшін оларды дискіге файл түрінде сақтау қажет. Файлға атау беріледі, ал кеңейтімін Paint әдетте автоматты түрде .bmp етіп қояды.
Алғаш рет сақтау
Файл → Сохранить как...
Ашылған терезеде Имя файла өрісіне атау енгізіп, Сохранить батырмасын басыңдар.
Қайта сақтау
Файл → Сохранить
Сурет бастапқы атымен сол файлдың үстіне сақталады.
Сергіту сәті: «3, 13, 33»
- 3 дегенде қолды алға созамыз.
- 13 дегенде қолды екі жаққа созамыз.
- 33 дегенде қолды жоғары көтереміз.
3-тапсырма
Салынған суреттерді сақтау.
-
IV
Жаңа сабақты бекіту
Сөзтізбек
Бүгінгі тақырыпты еске түсіру үшін сөзтізбекті пайдаланып, жасырынған атауды табайық.
А Г Е P М С Р П A Я Т А О I С Х Ф Б N Ж Р И В T Г Ж
Жауабы: PAINT
-
V
Шығармашылық жұмыс
2-тапсырма
Сұрақ: Еліміздің Тәуелсіздігіне қанша жыл болады?
Жауап: 22 жыл.
Енді Тәуелсіздіктің 22 жылдығына арналған сурет салыңдар және оны «Тәуелсіздікке 22 жыл» деген атаумен сақтаңдар.
-
VI
Үйге тапсырма
«Paint графикалық редакторы. Суретті сақтау» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
-
VII
Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.