Оқушыларды кодтау ұғымымен таныстыру

Сабақ тақырыбы: Ақпаратты кодтау

Бұл сабақта оқушылар кодтау ұғымын меңгеріп, ақпаратты ұсынудың негізгі тәсілдерімен танысады. Сондай-ақ Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтау туралы бастапқы түсінік қалыптастырылады.

Білімділік мақсат

  • Кодтау ұғымымен таныстыру.
  • Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтаудың мәнін түсіндіру.

Тәрбиелік және дамытушылық мақсат

  • Топпен жұмыс істеуге және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
  • Ойлау қабілетін және логикалық пайымдауды дамыту.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Интерактивті тақта арқылы демонстрация.
  • Түсіндіру және баяндау.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта.
  • Слайдтар.

Сабақ барысы

I) Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру.

II) Өткен сабақты қайталау

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіреміз.

  1. 1) Ақпарат дегеніміз не?

    Ақпарат — бізді қоршаған орта туралы мәлімет.

  2. 2) Адамдарға ақпарат не үшін қажет?

    Адамдар ақпаратты алады, береді, сақтайды және өңдейді.

  3. 3) Адам ақпаратты қалай сақтайды? Ал компьютер ше?

    Адам ақпаратты жадына сақтайды, ал компьютер ақпаратты ішкі және сыртқы жад құрылғыларында сақтайды.

  4. 4) Ақпарат тасымалдаушыларды атаңыз.

    Магниттік және лазерлік дискілер, флэш-жады, винчестер (қатқыл диск).

  5. 5) Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.

    Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт.

III) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Негізгі анықтамалар

Код
Ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі.
Кодтау
Ақпаратты жеткізуге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы болу үшін оны белгілі бір алфавит немесе ереже арқылы шартты түрде жазу (құпиялау).
Декодтау (кері кодтау)
Кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару.

Мысал: штрих-код құрылымы

Кейбір кодтар ақпаратты бөліктерге бөліп береді. Мысалы, тауардың штрих-кодындағы сандар әртүрлі мағынаны білдіруі мүмкін:

  • 545 елдің коды
  • 7106 өндіруші коды
  • 07628 бақылау коды
  • 1 тауар коды

Ақпаратты кодтаудың негізгі тәсілдері

Ақпаратты кодтаудың үш негізгі тәсілі бар:

1) Графикалық

Суреттер мен белгілер арқылы.

2) Сандық

Сандар арқылы.

3) Таңбалық

Әліпбидегі таңбалар арқылы.