Дыбыстарды және сөздерді анық айтуға үйрету
Оқу іс-әрекеті туралы
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- Қысқы киімдер (дидактикалық ойын)
Мақсаты
- Балалардың дербес ойындарда меңгерген қимылдарын қолдануына мүмкіндік беру.
- Киім атауларын (пальто, етік, құлақшын) дұрыс атап айтуға үйрету және сөздік қорын кеңейту.
- Дыбыстар мен сөздерді анық айтуға жаттықтыру.
Көрнекілігі
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Оқу іс-әрекеті балаларды жылы көңіл-күйге баулитын «Шаттық шеңберінен» басталады.
«Шаттық шеңбері»
Орнымыздан тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Таза ауаны жұтайық,
Күннің нұрын алайық.
Мейірімділік шуағын
Жүрекке әкеліп жинайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Әңгімелесу және тақырыпқа кіріспе
Тәрбиеші балаларға бүгін қызықты ойын ойнайтынын айтады. Өткен сабақта «Қуыршақты киіндіреміз» тақырыбы қарастырылғанын еске түсіріп, бүгін қыстық киімдермен танысатынын хабарлайды.
Сұрақ
Қыста күн қандай болады?
Жауап
Қар жауады, күн салқын болады.
Сұрақ
Тоңбас үшін не істейміз?
Жауап
Жылы киімдер киеміз.
Одан кейін балалар суретке қарап, қыстық киімдердің атауын атап шығады: қалпақ, кеудеше, күрте, қолғап, тон, етік, жемпір, сырмақ және тағы басқа түрлері.
Ойынға шақыру өлеңі
Ал, балалар, бері қараңдар,
Бізге қонақ келмекші.
Сендерді бір көрмекші,
Қандай киімдерді білесіңдер деп
Ойын ойнатып көрмекші.
Қонағымыз келсін бе?
Тосын сый
Есік қағылып, ортаға қуыршақ кіріп келеді. Тәрбиеші балалардан қуыршақты таныған-танымағанын сұрап, оған ат қоюды ұсынады. Балалар қуыршақтың атын «Сәуле» деп қояды.
Қуыршақтың сөзі
«Балалар, мен тоңып қалдым. Маған жылы киімдер кигізіп беріңдерші. Егер мені жылы киіндірсеңдер, сендермен бірге ойын ойнаймын».
Балалар қуыршақты жылы киіндіріп болған соң, қуыршақ алғысын білдіреді: «Рахмет, балалар! Қандай тамаша! Сендерге бір қызықты ойын әкелдім».