Балаларға суретті дұрыс сала білуге үйрету

Тақырыптар тізімі

Төмендегі тақырыптар оқу іс-әрекеттерін жоспарлауға және шығармашылық тапсырмаларды жүйелеуге арналған.

  1. Алақай, жайдарлы жаз келді
  2. Кірпіге арналған алмалар
  3. Тұрмыстағы электр құралдары
  4. Жаздық киімдер
  5. Жаз
  6. Балабақша — үйіміз
  7. Құлыншақ
  8. Алжапқышты әшекейлейміз
  9. Бақбақ
  10. Бөбек тілегі
  11. Өз еркімен жұмыс
  12. Орман дәрігері
  13. Ғарышқа сапар
  14. Жол бойымен арба келеді
  15. Үй жануарлары
  16. Қайық
  17. Нұрлы күннің арайы
  18. Қыстайтын құстар
  19. Қақпа
  20. «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі
  21. Жаңбыр жауды
  22. Құламайтын ойыншық

Оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық карта

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Сурет салу

Тақырыбы

Кірпіге арналған алмалар

Мақсаты

  • Балаларды суретті дұрыс сала білуге үйрету.
  • Ұқыптылыққа және әдемілікке тәрбиелеу.
  • Эстетикалық талғамын дамыту.

Сөздік жұмыс

алма кірпі

Қажетті құрал-жабдықтар

Үлгі суреті, ақ парақ.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

Кәне, кәне, балақай,
Көктем келді — алақай.
Шеңберге біз тұрайық,
Әсем тілек айтайық.

Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Таңғы әсем тілектер!

Тәрбиешінің әрекеті

Сурет салуға қажетті құралдарды дайындап, бүгін қандай сурет салатынымызды түсіндіреді.

Сұрақ-жауап арқылы бағыттау

  • Балалар, сурет салу үшін бізге не керек?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Ауа райы қандай?

Негізгі тапсырма

Бүгін сурет салу оқу іс-әрекетінде «Кірпіге арналған алмалар» тақырыбында жұмыс жасаймыз. Үлгі бойынша нүктелерді қосу арқылы алмалардың суретін саламыз.

  • Алманың түсі қандай?
  • Пішіні қандай?

Ақ параққа үлгі бойынша салу жолын көрсетіп, түсіндіреді және балаларды ұқыпты, таза сурет салуға үйретеді.

Сергіту сәті

Салдық, салдық өзіміз —
Талып қалды қолымыз.
Сәл тынығып алайық,
Әсем сурет салайық.