Абайдың қара сөзі
Тақырыбы: Ұлы – Абай, дана – Абай, дара – Абай
Бұл сайыс Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек танытуға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытуға бағытталған. Сонымен қатар ізденушілік пен зерттеушілік қабілетті дамытуға, Абай мұрасын халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелік тұрғыдан ұғындыруға мүмкіндік береді.
Сайыстың мақсаты
- Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімді тексеру, танымды кеңейту, сөздік қорды молайту.
- Абай мұрасын оқуды жалғастырып, білімді толықтыруға, ізденушілік пен зерттеушілікке ықпал ету, бағыт беру.
- Абай шығармашылығын оқыту үдерісін халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелік мәнімен ұштастыру.
Әдісі
- Сұрақ-жауап
- Проблемалық іздендіру
- Зерттеу
- Техникалық құралдарды пайдалану
Көрнекілігі
- Абай әндеріне арналған күйтабақтар
- Абайдың бейнесуреті
- Ұлағатты сөздер
- Асық салынған қожын
- Шарлар
Көрмелік бұрыш
Көрмеде Абайдың өмірі мен шығармашылығын танытатын фотосуреттер, тарихи деректер, рефераттар, газет-журнал қиындылары, әдеби кітаптар, буклеттер және басқа да материалдар ұсынылады.
Сайыстың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Қатысушылар мен қонақтарды қарсы алу
- Сайыстың жоспарымен таныстыру
- Әділқазы алқасын таныстыру және бекіту
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі «Ұлы – Абай, дана – Абай, дара – Абай» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
II. Сайыс бөлімдері (5 бөлім)
1) Абайдың қара сөздері
2) Абайдың әндері
3) «Абай жолы» романынан көрініс
4) Өлең оқу
5) Сұрақ-жауап
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Жауап іздеп сұрақтарға жан жүректі жаншытқан,
Надандықтың, ой-түйіннің мыңмен жалғыз алысқан.
Ақын Абай, адам Абай – заманынан озған данышпан,
Даналығы мәңгілікке уақытпен жарысқан.
2-жүргізуші
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең, жаттап ал көңілге»,
— деп Сұлтанмахмұт айтқандай, келесі кезекті Абайдың қара сөздеріне береміз.
1-бөлім: Абайдың қара сөздері
1-топ: Бірінші қара сөзден үзінді
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе — әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік.
Енді ер ортасы жасқа келдік; қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік — бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, өзім де қайранмын.
Ел бағу ма? Жоқ, елге бағым жоқ. Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Қалған аз ғана өмірімді ұры-залымның азығын бағып беруге қор қылғым келмейді.
Ғылым бағу ма? Жоқ, ғылым бағарға да, ғылым сөзін сөйлесер адам да жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Балаларды бағу ма? Жоқ, баға алмаймын: бағудың мәнісін де білмеймін — не болсын деп бағам, қай елге қосайын?
2-топ: Он жетінші қара сөз
Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Толқимыз, толқып тұрмыз бәріміз де,
Мұндай күй болған бәлкім бәріңізде.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
Биші қыздар келсін біздің төрімізге.
1-жүргізуші
Шын хакім сөзің асыл — баға жетпес,
Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
2-жүргізуші
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
2-бөлім: Абайдың әндері
Ән шашу
Келесі кезек — «Ән шашу». Орындауға ұсынылатын шығарма: «Көзімнің қарасы».
Мұғалім сөзі
Абай туралы қандай тақырыпта ой қозғасақ та, оның дана да дара ақын екенін анық көреміз. Соның бір айғағы — оның аудармашылық мұрасы. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, халыққа кеңінен танытты.
Ендігі кезек — Абай аудармаларына беріледі.