Менің анам. Өлеңді мәнерлеп оқу
Әдебиеттік оқу · 30-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Менің анам»
Бұл сабақта оқушылар өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыланып, анаға деген сүйіспеншілік туралы түсінігін тереңдетеді. Сонымен қатар өз ойын дұрыс байланыстырып, анық жеткізуге үйренеді.
Сабақтың мақсаты
а) Мәнерлеп оқу дағдысы
Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқуға төселдіру арқылы анаға деген сүйіспеншілік жайлы түсінікті тереңдету.
ә) Тәрбиелік бағыт
«Ана» деген ардақты атты құрметтеуге, қорғауға және сүюге тәрбиелеу.
б) Сөйлеу мәдениеті
Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе білуге баулу.
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- Қазақ тілі
Әдіс, түрі, көрнекілігі
Сабақ барысы
Кезең-кезеңімен ұйымдастырылған жұмыс түрлері
I. Ұйымдастыру бөлімі
Бастау«Сақина салу» ойыны арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту, жағымды көңіл күй қалыптастыру.
II. Өткен сабақты қайталау
Қайталау1) «Көктем» өлеңі
Өлең мазмұнын әңгімелеу.
2) Табиғат көрінісі
Көктем табиғатын суреттеген бөлікті тауып, мәнерлеп оқу.
3) Мақал-мәтел
Мақалдың мағынасын ашу және талқылау.
Қолданылатын мақал
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Фонетикалық жаттығу
Аю қалай ырылдайды?
Р-р-р, р-р-р, р-р-р.
III. Жаңа сабақ
Негізгі бөлім1) Кіріспе әңгіме
Сұрақ
Өмірде ең ақылды да ардақты жан кім?
Тапсырма
Анаға арналған қандай өлеңдерді білесіңдер? Айтып көріңдер.
2) Мәтінмен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу
Мұғалім өлеңді мәнерлеп, жатқа оқып береді.
Іштей оқу
Оқушылар өлеңді іштей оқып, мазмұнын түсінеді.
Шумақтап оқу
Өлеңді шумақтап, екі жолдан кезекпен оқиды.
Өлеңді талдау
- Өлеңнің «Менің анам» деп аталу себебі неде?
- Ақын ананың қадір-қасиетін қалай суреттеген?
3) Сұрақтар мен тапсырмалар
Баланың басынан өткен оқиға қай жерде болған деп ойлайсың?
Баланың анасына деген сезімі қалай берілген?
Үлкендер бұл түсті қалай жорыр еді?
Түс деген не? Түске сенесің бе?
Сергіту сәті: дауыс күшін дамыту
«Менімен қайтала» жаттығуы: бір сөйлемді қатты, тыныш, және сыбырлап айтуға бағытталған нұсқаулар беріледі.
IV. Сабақты бекіту
Қорытындылау1) Әуен таңдау
Осы өлеңге қандай әуен таңдар едің? Неліктен?
2) Шығармашылық жұмыс
Өз арғымағыңның суретін салып көр.
V. Үй тапсырмасы
ҮйдеӨлеңді мәнерлеп оқу (дайындалып келу).
VI. Бағалау
НәтижеОқушылардың мәнерлеп оқуы, сұрақтарға жауап беруі, белсенділігі және сөйлеу мәдениеті бойынша бағалау жүргізіледі.