Күрделі мүшелерді теріп жаз
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың атауы
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың жабдығы
Оқулық, дәптер, тақта, мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Мақсаты
- Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру; сөйлем мүшелерін талдатып, мағынасы жөніндегі білімін тиянақтау.
- Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын және ауызша сөйлеу тілін дамыту.
- Дәптермен және тақтамен жұмыс барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Ынтымақтастық атмосферасы
Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Үй тапсырмасын тексеру
- Үй тапсырмасы орындалған дәптерлерді тексеру.
- Қажет жағдайда қысқа сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
Қызығушылықты ояту
Оқулықтағы тапсырмалар арқылы оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа бағыттау.
35-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
Мұнда жұмыр бас кесіртке де тіршілік етеді.
36-жаттығу
Кестені толтыр.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу.
| Шекпен | *** | *** |
| Тұр | *** | *** |
| Жеті күн | Он тоғыз | Сары ала |
37-жаттығу
Күрделі мүшелерді теріп жаз.
38-жаттығу
Ребусты шеш.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
39-жаттығу
«Менің Қазақстаным» тақырыбында көршіңмен сұхбаттас.
Топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар
- Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындату.
- Қосымша шығармашылық тапсырмалар ұсыну.
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа тақырыпты кестедегі сөйлемдерді талдатудан бастауға болады. Бұл тәсіл оқушылардың дара және күрделі сөйлем мүшелерін салыстыра отырып ажыратуына көмектеседі.
Мектеп туралы дерек
№43
Ж. Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Хайдарова Сауле