Сұлушаш сөзіне ассосация

Сабақ тақырыбы

С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы бойынша әдеби талдау.

Сабақ мақсаты

Білімділік

С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат беру; жазушының шығармашылық зертханасына үңілу; «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу; кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау; тақырыбы мен идеясын ашу.

Тәрбиелік

Жазушы мұрасын игерту арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу; ана тілін, тарихын және әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту; әдеби сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; көркем әрі дәл сөйлеуге бейімдеу.

Күтілетін нәтиже

  • Тақырып бойынша білімдерін өзектендіреді, негізгі ұғымдарды жүйелейді.
  • Кейіпкерге мінездеме беріп, образын дәлелді түрде талдайды.
  • Өз бетінше ізденуге, ақпаратты іріктеуге және қорытынды жасауға үйренеді.
  • Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
  • Бір-біріне сұрақ қойып, жауапты талқылау арқылы табуға машықтанады.
  • Шығармашылық қабілеттері байқалып, сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Сабақтың типі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Тест тапсырмалары Топтық таныстырылым Ойын элементтері Мәтінмен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Оқулық және интернет материалдары
  • Бағалау парақтары
  • Интерактивті тақта

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық тренинг, топқа бөлу
  • Кезекшімен сұхбат

II. Үй тапсырмасын толықтыру

Қосымша материал ретінде видеоролик қарастырылады және төмендегі сұрақтар талқыланады:

  1. 1) С. Мұқанов қай жерде дүниеге келген?
  2. 2) Сәбит қандай қызметтер атқарған?
  3. 3) «Дәуір жыршысы» атанған қаламгер туындыларында заманның қандай мәселелері көтерілді? Шығармаларын атаңдар.

III. Жаңа сабақ

С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасына әдеби талдау жасалады. Жұмыс топтарға бөлініп орындалады.

Композициялық талдау (I топ)

  • Оқиғаның басталуы
  • Дамуы
  • Байланысы
  • Шиеленісуі
  • Шарықтау шегі
  • Шешімі

Тақырып пен идея (II топ)

Поэманың көтерген өзекті мәселелері, авторлық көзқарас және негізгі ой сараланады.

Кейіпкерлер жүйесі (III топ)

Поэма кейіпкерлеріне талдау жасалып, мінездеме беріледі; образдар арасындағы байланыс көрсетіледі.

Көркемдік ерекшеліктер

I топ

Теңеу

II топ

Метафора

III топ

Риторикалық сұрақтар, ассонанс

«Тапқыр топ» сұрақтары

Әр топқа жедел сұрақтар қойылып, нақты жауап беріледі.

I топ

  1. «Сұлушаш» поэмасы қай жылдары жазылды? (1926–1928)
  2. Төртөбел деген не? (жылқы)
  3. Үзіндідегі жасырын сөзді тап: «Алтай қозы бақты, қой бақты, тағы не істеді?» (отын жақты)
  4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл, күң)
  5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін? (бір жылқы)
  6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні)

II топ

  1. Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың)
  2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және саны қанша? (90 нар)
  3. Тілеуберді ұрын келетін күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он)
  4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз)
  5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап: «Не киіп аяққа, аң аулайтын қолымызда жоқ садақ, яки, мылтық?» (шаңғы)
  6. Қалың малға қоса күйеу жігіт «босаға айыбы» ретінде не берді? (100 жылқы)

III топ

  1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып, Сұлушашты көреді? (екі–үш жыл)
  2. Сұлушаштың мойнын суреттегенде жазушы нені теңеу етеді? (аққу)
  3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт)
  4. Алтай жастайынан нені бағып өсті? (қой, қозы)
  5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды күткенде, қай құсты көріп тіл қатады? (қаз)
  6. Алтай мен Қайсар бүркіт алып келгенше, тұзақпен нені ұстап ас дайындап қоюды айтады? (қоян)

Топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар

«Сұлушаш» сөзіне ассоциация

Оқушылар ұғымдық карта құрып, поэмадағы негізгі символдар мен көңіл күйді байланыстырады.

Сарындас шығармалар

«Сұлушаш» поэмасымен үндес шығармаларды атау және салыстыру:

  • Қыз Жібек
  • Қозы Көрпеш – Баян сұлу
  • Қалқаман – Мамыр
  • Еңлік – Кебек
  • Қамар сұлу

I топ

Алтай образын эпостық және лиро-эпостық жырлардағы басты кейіпкерлермен салыстыру (Қозы, Төлеген, Қобыланды, Тарғын).

II топ

«Егер сен автор болсаң…» тапсырмасы: оқиғаның бір тұсын қайта құрып, авторлық шешім ұсыну.

III топ

Сұлушаш бейнесін Баян, Жібек, Құртқа, Ақжүніс образдарымен салыстыру.

Қосымша материал

Қазақ қыздары туралы бейнеролик көрсетіліп, тақырыппен байланысты ой қорытылады.

Қорытынды

Сабақ барысында «Сұлушаш» поэмасының композициясы, тақырып-идеялық өзегі, кейіпкерлер жүйесі және көркемдік құралдары жан-жақты талданады. Топтық тапсырмалар оқушылардың дәлелді пікір айтуына, салыстыру жасауына және шығармашылық тұрғыдан ой түюіне мүмкіндік береді.