Шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Топқа бөліну, амандасу.

Шаттық өлеңі

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Жасау үшін бәрін де —
Математика ең маңызды ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан да,
Сол ғылымның тілін біл!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ойын: «Үйдің нөмірін тап».

Оқушылар тапсырманы ойын түрінде орындайды: берілген шарт бойынша «үйдің нөмірін» табады және жауаптарын дәлелдейді.

ІІІ. Жаңа сабақ: өткенді қайталау

Топтарға бөлу

Жылдамдар Жүйріктер Мықтылар

Қазақ халқы кие ұғымына ерекше мән берген. Табиғаттың кейбір құбылыстарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, сондай-ақ көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген.

Халық өмірінде мән-мағынасы терең сандар жиі кездеседі. Әсіресе 3, 7, 9, 40 сандары салт-дәстүрде, ырым-тыйымда, нақыл сөздерде, мақал-мәтелдерде кеңінен қолданылады.

Бүгін біз сандар әлеміне үңіліп, олардың қасиеттерін тапсырмалар арқылы танып-білеміз.

3 санының тапсырмасы

1-тапсырма: Теңдеулерді шешу

Топ: Жылдамдар

1) 2 + a = 10

  • a = 10 − 2
  • a = 8
  • Тексеру: 2 + 8 = 10

2) a − 2 = 8

  • a = 8 + 2
  • a = 10
  • Тексеру: 10 − 2 = 8

1-тапсырма: Теңдеулерді шешу

Топ: Жүйріктер

1) a − 1 = 9

  • a = 9 + 1
  • a = 10
  • Тексеру: 10 − 1 = 9

2) 10 − a = 1

  • a = 10 − 1
  • a = 9
  • Тексеру: 10 − 9 = 1

1-тапсырма: Теңдеулерді шешу

Топ: Мықтылар

1) 10 − a = 2

  • a = 10 − 2
  • a = 8
  • Тексеру: 10 − 8 = 2

2) 1 + a = 10

  • a = 10 − 1
  • a = 9
  • Тексеру: 1 + 9 = 10

Математикалық диктант

  1. 88 бен 92 аралығындағы сандарды кему ретімен жаз.
  2. Оларды салыстыр.
  3. Әр санды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз.

Кему реті

92, 91, 90, 89, 88

Салыстыру

  • 92 > 91
  • 91 > 90
  • 90 > 89
  • 89 > 88

Ондықтар мен бірліктер қосындысы

  • 92 = 9 онд + 2 бірл
  • 91 = 9 онд + 1 бірл
  • 90 = 9 онд + 0 бірл
  • 89 = 8 онд + 9 бірл
  • 88 = 8 онд + 8 бірл

3 санының қасиеті және ұлттық ұғымдар

Тапсырмалар орындалғаннан кейін 3 санына қатысты халықтық таныммен танысамыз.

Үш жүз

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті

Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

Үш қуат

Ақыл, жүрек, тіл

4 санының тапсырмасы

3-тапсырма: Жақшаларды қою

Балдырғанға қойылмай кеткен жақшаларды дұрыс қоюға көмектес.

Бұл бөлімде өрнектер беріліп, оқушылар жақшаларды қойып, амалдардың орындалу ретін анықтайды.